Жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында көз ауруларымен ауыратын 700-ден астам науқас ем алды, оның ішінде 181 балаға хирургиялық ота жасалған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Толығырақ … «06-04-2026 07: 59»

Алматыда жалпы құны 1,2 трлн теңгеден асатын ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар машина жасау, ақпараттық технология, фармацевтика, логистика және тамақ өнеркәсібі салаларын қамтиды.

Толығырақ … «04-04-2026 15: 41»

Алматыда қалдықтарды басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізіліп, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіледі. Бұл мәселе Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахымның төрағалығымен Green Recycle қоқыс сұрыптау кешені базасында өткен кеңесте талқыланды.

Толығырақ … «04-04-2026 15: 38»

Алматыда қала әкімдігінің Қоғамдық қабылдауы — Open Almaty байланыс орталығының бірыңғай 109 нөмірі енгізілді. Бұл нөмір бұрынғы 1308 нөмірінің орнына қолданылады.

Толығырақ … «03-04-2026 16: 49»

Алматыда 4 сәуірден бастап №130 жаңа қалалық автобус бағыты іске қосылады. Бұл бағыт көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың қатынау жайлылығын жақсартуға бағытталған. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Толығырақ … «03-04-2026 15: 32»

Алматының Алатау ауданында инженерлік және жол инфрақұрылымын ауқымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Биылдың өзінде жалпы ұзындығы шамамен 136 шақырым болатын су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Толығырақ … «02-04-2026 15: 28»

Алматының Алмалы ауданында 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіште өсім тіркелді. Бұл туралы аудан әкімі Арман Шәмшин Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Толығырақ … «01-04-2026 15: 21»

Алматының Алатау ауданында 2026 жылы инженерлік желілерді тартудан бастап жол салу мен көркейтуге дейінгі инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Данияр Қырықбаев мәлімдеді.

Толығырақ … «31-03-2026 15: 14»

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және көше жол желісінің жай-күйін жақсарту мәселелері бойынша аппараттық кеңес өткізді.

Толығырақ … «30-03-2026 14: 51»

Алматы қаласының спортшылары спорттық және батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының екі ірі чемпионатында табысты өнер көрсетті. Бұл туралы қалалық спорт басқармасының өкілдері айтты.

25–29 наурыз аралығында Алматыда еліміздің 8 өңірінен келген командалардың қатысуымен спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша қала құрамасы 14 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 3 күміс және 7 қола. Сонымен қатар команда жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты.

Көпсайыста Илана Раздыкова мен Алтын-Аяла Бақыт бірінші орын иеленді. Жүлдегерлер қатарында Вероника Светоносова, Алиса Карпенко, Айзере Серік және Аяла Шыңғысқызы бар.

Жекелеген сайыстарда:
қоссырықта — Эвелина Ежова (1 орын), Вероника Светоносова (2 орын), Айзере Серік (3 орын);
тірекпен секіруде — Илана Раздыкова (1 орын), Аделина Кригер (3 орын);
бөренеде — Эвелина Ежова және Аделина Кригер (3 орын);
еркін жаттығуларда — Илана Раздыкова (3 орын).

Жарыс кезеңі 25–30 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатымен жалғасты. Оған 9 қаладан 220 спортшы қатысты.

Алматы құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 2 қола.

«Акробатикалық жол» дисциплинасында Милана Флегентова жеңімпаз атанды.
Қос шағын-трампта Кристина Черных күміс, Милана Флегентова қола медаль иеленді.
Синхронды секіруде Әлиасқар Амангелді мен Абай Бердібай күміс, Александр Волков мен Глеб Парфенов қола жүлдеге ие болды.

Акробатикалық жол бойынша командалық есепте Елизавета Филимонова, Милана Флегентова, Алина Петрова және Раушан Қанапия құрамындағы Алматы командасы екінші орынды иеленді.

Қалалық спорт басқармасы мамандары атап өткендей, алматылық гимнасттардың нәтижесі спортшылардың жоғары дайындық деңгейін және республикалық жарыстардағы тұрақты көрсеткішін тағы бір мәрте дәлелдеді.




Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«29-03-2026 10: 06»