Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Алексей Цой мен жобалық кеңсенің басшысы Камалжан Надыров Алматыға жұмыс сапары аясында Қалалық кардиологиялық орталыққа барды.
Сапар барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мегаполистің Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы және саланың негізгі жетістіктері туралы ақпарат берді.
Толығырақ … «28-02-2026 14: 24»
Алматыда студенттік жатақханалар қорын ұлғайту және жаңа нысандардың құрылысын арнайы жобалық кеңсе арқылы үйлестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «27-02-2026 14: 13»
Көктөбе шағынауданында кәріз желілерінің құрылысы аяқталып, нәтижесінде 4 750 тұрғын үй қаланың орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің мамандары айтты.
Толығырақ … «26-02-2026 14: 02»
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың электрмен жабдықтау инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында атқарылған жұмыстардың нәтижесі қаралып, 2026 жылға және одан кейінгі кезеңге арналған басым бағыттар бекітілді. Бұл туралы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «25-02-2026 13: 57»
Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласында 32 жаңа нысан салу және 14 медициналық мекемені жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобалардың орындалу барысы қала әкімдігінде Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары Бейбіт Шаханов пен Нұрлан Әбдірахымның төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.
Толығырақ … «25-02-2026 13: 35»
Алматыда Үлкен Алматы көліне дейін ұзындығы 5,3 шақырым болатын ұйымдастырылған жүргінші соқпағын салу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов хабарлады.
Толығырақ … «25-02-2026 08: 29»
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда қызылшаның 1950-ден астам жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші өсіп келеді, сырқаттанғандардың басым бөлігі — балалар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, олардың көпшілігі қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Толығырақ … «24-02-2026 13: 22»
Алматы қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» қалалық коалициясының алғашқы отырысы өтті. Ауқымды бастама республикалық деңгейде құрылған Жалпыұлттық коалиция аясында жүзеге асырылып отыр.
Толығырақ … «24-02-2026 13: 18»
Алматыда жасыл желек қорын жаңарту мен дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жасыл желектің қазіргі жағдайы және 2026 жылға арналған көгалдандыру жоспары қаралды. Бұл туралы қаланың Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.
2018-2019 жылдары жүргізілген түгендеу қорытындысына сәйкес, қала аумағында 4,3 миллионнан астам ағаш өседі. Жасыл желектерді ғылыми негізде және жүйелі басқару мақсатында 2026-2030 жылдарға арналған бес жылдық дендрологиялық жоспар әзірленіп жатыр. Құжат жаңа түгендеу мен орман-патологиялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып дайындалып, жасыл қорды сауықтыру, жаңарту және орнықты дамытуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.
2026 жылы қаланың барлық ауданы бойынша дендрологиялық жоспарды әзірлеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланған. 2027 жылдан бастап көгалдандыру және жасыл аймақтарды жаңарту жұмыстары бекітілген құжатқа сәйкес жүргізіледі.
Ағаштардың санитарлық жай-күйі мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып отыр. 2022 жылдан бері жасыл желек қорын жаңартуға арналған бес жылдық бағдарлама іске асырылып келеді. Көшелерді қайта жаңарту аясында биіктігі 5-6 метр болатын ірі көлемді ағаштар, сондай-ақ қалалық ортаға бейімделген бұталар кезең-кезеңімен отырғызылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін 2,5 миллион жасыл желек отырғызуды көздейтін Жол картасы жүзеге асырылып келеді. 2023-2025 жылдар аралығында 1,06 миллионнан астам көшет егілді. 2025 жылы алғаш рет ірі көлемді ағаштарды жаппай отырғызу басталып, бұл толыққанды жасыл инфрақұрылымды жедел қалыптастыруға және қалалық ортаның жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді. 2030 жылға қарай бір тұрғынға шаққандағы жасыл желекпен қамтамасыз ету көрсеткішін 15 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар жасыл желектерді зиянкестер мен аурулардан қорғау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасып отыр. 2020 жылдан бері химиялық-биологиялық өңдеу жүргізіліп, соның нәтижесінде зақымдану деңгейі 20-22%-ға дейін төмендеді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«23-02-2026 13: 13»