«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі – Аппарат) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 10 тамыз бен 18 қыркүйек аралығында Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты 2026 жылғы 17 тамызға дейін vakr_akimat_almaty@mail.ru электрондық поштасына немесе WhatsApp +7 707 716 6117 нөміріне жіберулеріңізді сұраймыз.
Түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылады. Конфиденциалдылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 707 716 6117, 8 708 950 90 04.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар