Алматыда ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның сайлауды байқау миссиясымен кездесу өтті

Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабеков ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Төтенше және Өкілетті Елші Винсент Пикет бастаған сайлауды байқау миссиясының өкілдерімен кездесті.

Жарияланған күні мен уақыты: «07-08-2026 08: 00» Мақала авторы: Газизов Темирлан

Тараптар Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына дайындық және халықаралық байқау аясындағы өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

Кездесу барысында Алматы әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлауды өткізуге қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп отырғаны атап өтілді. Миссия өкілдеріне 670 сайлау учаскесінің дайындығы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс берудің қолжетімділігі, сондай-ақ сайлаушыларға арналған цифрлық сервистердің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу соңында тараптар ашық диалог пен сындарлы ынтымақтастықты сақтауға дайын екенін білдірді.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар