Жаңалықтар

Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Толығырақ … «07-04-2025 09: 44»
2025 жылы Мамыр-4 шағын ауданында 12,3 км су және кәріз жүйелерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында тұрғындармен өткен кездесуде мәлімдеді. Қала басшысының айтуынша, бұл жоба ауданның 800-ден астам тұрғынын сапалы инженерлік желілермен қамтамасыз етеді.
Толығырақ … «04-04-2025 06: 37»
2025 жылдың маусым айында Алматының Әуезов ауданында төрт жаңа қоғамдық кеңістіктің құрылысы аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Толығырақ … «03-04-2025 06: 17»
Алматы тұрғындары мен қонақтары «Көк-Төбе» саябағындағы жаңа жаяу жүргіншілер жолын бағалады. Алматы тұрғындарының «Көк-Төбеге» өтініштерін ескере отырып, қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қазан айында жеке инвестициялар есебінен ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілерге арналған денсаулық жолының құрылысы басталды. Бұрын саябаққа жаяу бару қиындық туғызатын әрі қауіпті болаты. Денсаулық жолының іске қосылуымен бұл мәселе шешімін тапты. Бүгінгі таңда өткізу қабілеті күніне 10 мың адамға жетеді.
Толығырақ … «01-04-2025 06: 22»
Биыл Алматыда Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның 84%-ы немесе 73 293-і тұрақты болады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында хабарлады.
Толығырақ … «31-03-2025 12: 04»
2025 жылы Алматы индустриалды аймағында (АИА) жалпы инвестиция көлемі 135,5 млрд теңге болатын 11 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл бастама 2 662 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Толығырақ … «28-03-2025 06: 00»
Алматы әкімі Ерболат Досаев 2024 жылдың желтоқсанында күрделі жөндеуден өткен Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында құрылған «Қамқорлық» ерте араласу орталығына барды. Жаңа орталықта дамуында түрлі ауытқуы бар және шала туған балаларға кешенді қолдау көрсетіледі.
Толығырақ … «27-03-2025 05: 53»
Алматыда әл-Фараби даңғылының бөлу жолағы бойына 300-ге жуық жаңа ағаш отырғызылды – қаладағы басты магистральдің бірін 292 ірі шегіршін мен шаған ағашы сәндендірді. Бұл туралы Экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады.
Толығырақ … «26-03-2025 06: 29»
Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін емханалар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының (отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар) желісін кеңейту туралы жақсы жаңалықтарымен бөлісті.
Толығырақ … «20-03-2025 10: 25»
Наурызбай ауданында үздіксіз су жеткізуді қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылдың соңына дейін Таужолы, Тастыбұлақ, Таусамалы, Ақжар және Шұғыла шағын аудандары үздіксіз су жүйесіне қосылады. «Ақсай» сүзгі станциясының құрылысының арқасында әр үйге таза ауыз су келеді. Бұл туралы Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.
Толығырақ … «19-03-2025 06: 57»