Жаңалықтар
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған Ақсай өзеніндегі сүзгі станциясы бар жаңа су тарту нысанының салтанатты іске қосылу рәсіміне қатысты.
Толығырақ … «12-07-2026 16: 09»
Алматыда «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту аясында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа жолдар мен инженерлік коммуникациялар салу жоспарланған. Жоба 2023 жылы бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Бас жоспарға енгізіліп жатқан түзетулер бұл жобаға қатысты қандай да бір өзгерістерді көздемейді.
Толығырақ … «10-07-2026 18: 13»
13-19 шілде аралығында «Алматы Арена» спорт кешенінде ересектер арасындағы джиу-джитсудан 10-шы Азия чемпионаты және U16, U18, U21 жас санаттарындағы спортшылар арасында 3-ші жастар Азия чемпионаты өтеді. Турнир Ju Jitsu Asian Union (JJAU) және Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF), сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылмақ.
Толығырақ … «10-07-2026 17: 17»
Қабылдау барысында қала тұрғындары халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, мәдениет салаларына, сондай-ақ Алматының тарихи және мәдени мұрасын сақтау мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақтармен жүгінді.
Толығырақ … «10-07-2026 17: 05»
Алматыда жастар арасында есірткінің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Наркостоп» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «10-07-2026 14: 09»
Алматыда Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне қарама-қарсы, Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан «Алматы қаласының әкімдігі» жаңа аялдама пункті пайдалануға берілді.
Толығырақ … «09-07-2026 19: 03»
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Республика алаңында аяқталған көріктендіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Жұмыс сапары барысында оған қаланың басты қоғамдық кеңістіктерінің бірі – Республика алаңын қайта жаңғырту қорытындысы таныстырылып, сондай-ақ Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Луганский көшесіне дейінгі аралығын кешенді көркейту жобасының жүзеге асырылу барысы баяндалды.
Толығырақ … «09-07-2026 17: 59»
Медеу ауданының Жастар комьюнити орталығында жас эко-белсенділерді, волонтерлерді және экологиялық бастамалардың авторларын біріктірген ECO CLUB MEDEU экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтті. Жаңа алаң экологиялық мәдениетті дамытуға, жауапты тұтынуды насихаттауға және «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Толығырақ … «08-07-2026 08: 09»
Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жаңа жобасына өтінім қабылдау басталады. Қазақстанда алғаш рет жастар қала дамуына қатысты бастамасын ұсынып, оларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қаржыландыруға ие болады. Бұл туралы жобаны қолдап отырған Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Толығырақ … «07-07-2026 20: 52»
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Алатау ауданында 1988 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 483 метр жылу құбыры жаңартылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС мамандары айтты.
Толығырақ … «07-07-2026 16: 49»