Жаңалықтар
Алматыда қазан айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясындағы күзгі көгалдандыру науқаны белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта қалада 150 мыңнан астам көшет отырғызылды, ал маусымның соңына дейін тағы 132 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Отырғызу жұмыстары негізінен жасыл желектер саны жеткіліксіз аудандарда және тиімді суару инфрақұрылымы бар жерлерде жүргізілуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жасыл желектердің тіршілік ету деңгейін арттыру ғана емес, сонымен қатар Алматының жасыл қорын сақтау және кеңейту, бұл экологиялық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Толығырақ … «18-11-2024 06: 44»
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен кездесу барысында Жетісу ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған жасыл аймақты аралап көрді. Бұрын бұл жерде табиғи полигон болған. Бұл нысан қаланың Жетісу ауданындағы Уссурийская көшесінде орналасқан.
Толығырақ … «15-11-2024 06: 24»
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алатау ауданындағы 2 000 орынды жайлы мектептің құрылысымен танысты.
Толығырақ … «15-11-2024 05: 34»
Алатау ауданын аралау барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Қарасу шағын ауданындағы Бағаналы Орда көшесіндегі скверді абаттандыру барысымен танысты.
Толығырақ … «14-11-2024 11: 06»
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданындағы жұмыс сапары барысында Қарасу көлін тазарту жұмыстарының нәтижесімен танысты.
Толығырақ … «14-11-2024 10: 47»
Мегаполисті агломерациямен байланыстыратын көлік қатынасын жақсарту мақсатында Алматыда қала маңындағы жаңа маршруттар ашылып жатыр. Алматы қалалық мобилділік басқармасы Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Жамбыл ауданыдағы елді мекендерді қамтитын 8 жаңа маршрут ұйымдастырды.
Толығырақ … «13-11-2024 04: 19»
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Сәтбаев университетінің 90 жылдығы мен Қазақстандағы геологиялық мектептің негізін қалаушы және Ұлттық ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Еуразияның ғылыми-инженерлік қауымдастығының алдындағы төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері»атты Халықаралық ғылыми форумның ашылу салтанатына қатысты.
Толығырақ … «12-11-2024 05: 03»
Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған 1200 оқушыға арналған мектеп ғимараты 20 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Алдында болған жұмыс сапары кезінде қала басшысы мердігерге бірқатар тапсырмалар берген еді,атап айтқанда, ғимараттың кіреберіс тобын кеңейту, іргелес аумақта арықтарды жабдықтау. Қолданылатын материалдардың сапасына және мектептің заманауи жабдықталуына ерекше назар аудару.
Толығырақ … «11-11-2024 07: 52»
«Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) бағдарламасы аясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша іске асырылатын жобалардың саны 308 болды. Аудандық әкімдіктер мен сараптамалық кеңестер budget.open-almaty.kz сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесін қорытындылады. Жалпы алғанда, жобаларға 163,5 мың дауыс берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Ең көп жоба ұсынған Алатау ауданында – 50, одан кейін Алмалы ауданында – 45 жоба, Әуезов және Бостандық аудандарында – 42 және 41 жоба мақұлданған. Ең азы Наурызбай ауданында – 26 жоба.
Толығырақ … «08-11-2024 11: 44»
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасы хабарлады.
Толығырақ … «08-11-2024 04: 40»