Жаңалықтар
Алматыда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қаланың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.
Толығырақ … «27-11-2024 07: 51»
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарлары және Райымбек даңғылындағы BRT жобасы туралы айтып берді.
Толығырақ … «27-11-2024 07: 45»
Алматының коммуналдық қызметтері қала аумағын күннің суытуы мен мен қар жаууына белсенді дайындауда. 25-30 қараша аралығында қалада Тазалық апталығы өтеді.
Толығырақ … «26-11-2024 12: 17»
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС электромобильдерге арналған жоғары жылдамдықты зарядтау станцияларын сатып алуға «EV Solutions» ЖШС-ға 163 млн.теңге қаржы бөлді.
Толығырақ … «26-11-2024 11: 58»
Алматының Түрксіб ауданында «Нижняя пятилетка» шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ауқымды қайта жаңарту аяқталды. Жоба аясында 115 км су құбыры және 32 км кәріз желілері салынды, бұл ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 40 көшеде инженерлік коммуникациялар тартылған соң жаңа асфальт төселген. Қалған 11 көшеде желілер құрылысы аяқталып, жолға асфальт төселетін болады.
Толығырақ … «25-11-2024 07: 53»
23 қарашадан бастап, сенбі-жексенбі күні Алматы қаласының Алатау ауданында жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Өртсіз өмір - қауіпсіз болашақ» ауқымды профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен және Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп өткізілді. Акцияға БАҚ өкілдері, еріктілер және газ қызметінің қызметкерлері қатысты.
Толығырақ … «25-11-2024 05: 42»
Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі жаңа кейіпке енді. Биыл қыркүйек айында Панфилов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыс кейбір жерлерде тротуар плиталарының жарылып, орындықтардың, суару жүйесінің және басқа да көріктендіру элементтерінің жарамсыз болуына байланысты қолға алынған.
Толығырақ … «25-11-2024 04: 49»
Алматыда жасанды интеллектті пайдалана отырып, нақты уақыттағы бақылау камераларынан видео сәтті қолданылады. Мәселен, 2023 жылы Алматы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде қауіпсіздіктің кешенді жүйесін енгізді.
Толығырақ … «22-11-2024 12: 19»
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Сайран су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, онда жағажай аймақтарымен қатар заманауи қоғамдық кеңістік құрылады.
Толығырақ … «22-11-2024 10: 49»
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты.
Жоба бойынша Алмалы ауданының 19 көшесінде жалпы ұзындығы 15 км болатын кәріз желілерін салу көзделген. Биыл 6 көшеде 3 км желінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, жеке сектор салына бастағаннан бері орталықтандырылған кәріз жүйесі болмаған Бруно көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталды.
2025 жылы қалған 13 көшеде жобаны жүзеге асыру жалғасады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6800 тұтынушы орталықтандырылған инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.
«Тұрғындар атынан біздің өтініштерімізге назар аударып, атқарылған жұмыс үшін алғыс айтамын. Бізде орталықтандырылған кәріз жүйесі пайда болды, көше жарығы орнатылды, жұмыстан кейін жол толық енімен асфальтталды. Бұл өзгерістерге өте ризамыз, енді бізде жайлы әрі ыңғайлы болды. Біз қуана-қуана серуенге шығамыз. Қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін рахмет», - деді тұрғындардың бірі.
Айта кетейік, 2024 жылдың наурызында қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда инженерлік коммуникацияларды күтіп ұстаудың жаңа ережелері қабылданды. Құжатқа сәйкес, жер асты инженерлік желілерді төсеу кезінде жол жабынын ашу және көшелерді қазу асфальтбетон жабындысын толықтай – жиектастан жиектасқа дейін қалпына келтіру міндеттемесімен жүргізілуі керек.
Қала басшысы Алмалы ауданының әкіміне құрылыс сапасы мен жылдамдығын бақылап, тұтынушыларды орталықтандырылған коммуникацияларға уақытылы қосуды тапсырды.
Еске сала кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Биылғы 9 айда 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңартылды. 2025 жылы тағы 240 км желі салу және 48 км желіні жаңарту жоспарланған.
Осылайша, қабылданған кешенді шаралардың арқасында 100 мыңға жуық қала тұрғыны үшін инженерлік желілердің тозуына байланысты жылдар бойы шешілмеген сумен жабдықтау және су бұру желілері мәселесі шешіледі.
«22-11-2024 05: 54»