Жаңалықтар
Халықаралық Vogue журналы 2025 жылы редакциясы аралап көрген әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың тізіміне Қазақстанды қосты. Беделді рейтингте еліміз Лондон, Сардиния, Барселона және Палм-Спрингс сынды жаһандық туристік орталықтармен қатар аталды. Мақалада Алматы қаласына ерекше назар аударылған.
Толығырақ … «13-01-2026 19: 35»
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының атом саласындағы ғылыми, қолданбалы және жоғары технологиялық бағыттарды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Негізгі міндет – зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру және саланың ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайту.
Толығырақ … «13-01-2026 11: 40»
Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай Алматы қаласында Д. А. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Толығырақ … «12-01-2026 14: 32»
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген сұхбатында айтқан даму басымдықтарын іске асыру мәселесіне арналған кеңес өткізді.
Президент сұхбатында елдің жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап, оның өзегі азаматтардың өмірінде нақты өзгерістер жасауға бағытталғанын баса айтқан болатын. Осыған байланысты өңірлердің басты міндеті – реформаларды нақты іспен толықтырып, оларды нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге айналдыру.
Кеңес барысында шағын және орта бизнесті дамыту, туризм, әлеуметтік қолдау және білім беру жайы қаралды. Бұл бағыттар халықты жұмыспен қамтуға, табысының өсуіне және қалалық ортаның сапасына тікелей әсер етеді.
Дархан Сатыбалды Алматының кәсіпкерлікті дамытуда көшбасшы орнын сақтап отырғанын жеткізді. Қалада шамамен 405 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл елдегі барлық ШОБ-тың 18 пайызы. Шағын және орта бизнестің қала экономикасына қосып отырған үлесі 60 пайызға жетсе, осы салада еңбекке жарамды тұрғындардың 90 пайызына жуығы жұмыспен қамтылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тан 1,2 трлн теңге салық түсімі түскен.
Туризм саласында Алматыда негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалады. 2025 жылдың тоғыз айында туристер саны 8 пайызға артып, 1,9 млн адамға жетті, көрсетілген туристік қызмет көлемі 17,3 пайызға өсіп, 82,4 млрд теңге болды. 2026 жылы туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жоспарланып отыр, оның ішінде 350 шақырым тау соқпағын көркейту көзделген.
Кеңес барысында Нью-Йорк, Мәскеу және Париж қалаларының тәжірибесі негізінде «24/7 қала» моделін енгізуге ерекше көңіл бөлінді. Түнгі уақыттағы қауіпсіздікті арттыру, қаланың жарықтандырылуы, мәдени және туристік нысандардың жұмыс жайы талқыланды.
Әлеуметтік салада қолдауға мұқтаж азаматтарға мемлекеттік көмектің нақты әрі тиімді жетуіне және масылдыққа бейімділікті төмендетуге басымдық берілді. 2025 жылы қалада әлеуметтік қолдау шараларына 38,8 млрд теңге бөлініп, шамамен 330 мың адам қамтылды. Цифрлық құралдар мен мұқтаждықтың жаңа өлшемдерін енгізу нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2023 жылғы 21 мыңнан 2025 жылы 10 мыңға дейін азайды. Бұл әлеуметтік саясаттың тиімді үлгісіне көшуді көрсетеді.
Білім беру саласында жан басына шаққандағы қаржыландыру және сапалы білім беру қызметіне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды. 2026 жылы Алматыдағы білім беру жүйесін қаржыландыруға 432 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл қаржы мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталады.
Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қызметтің қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және қолайлы қалалық орта қалыптастыру сынды қала басқаруының барлық деңгейінен тұрғындар нақты сезінетін нәтижеге бағытталған айқын ұстанымды талап ететінін жеткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша салалық басқармалар мен аудан әкімдіктеріне басым бағыттарды іске асыруда үйлесімді жұмыс жүргізу, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қатаң бақылау және қабылданатын барлық шешімді алматылықтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағыттау тапсырылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«11-01-2026 14: 28»
30 желтоқсанда аурухананың қабылдау бөлімін ауқымды жаңғырту нәтижесі таныстырылды. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым, Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты.
Толығырақ … «10-01-2026 14: 23»
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалды мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің қатысуымен азаматтық қорғау жүйесінің бірден екі маңызды нысаны – «Shymbulak» тау-шаңғы курортына іргелес таулы аумақта орналасқан әмбебап құтқару бөлімшесі және қаланың іскерлік құрылыс аймағында орналасқан №15 өрт сөндіру бөлімшесі салтанатты түрде ашылды.
Толығырақ … «09-01-2026 14: 18»
Алматыда 2026 жылы 9 қаңтар күні қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен жаңа кітапханан салтанатты түрде ашылады.
Толығырақ … «08-01-2026 20: 04»
2026 жылдан бастап Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша диагностика, бақылау мен емдеу сақтандырылған мәртебесіне қарамастан тұрғындардың барлығына қолжетімді болады.
Толығырақ … «03-01-2026 14: 59»
Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және цифрлық шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпы қалалық экологиялық челлендж басталды.
Қала оқушылары арасында экологиялық ағартушылықты күшейту мақсатында электронды экологиялық ашықхаттар жасауға арналған «Экологиялық калейдоскоп» жалпы қалалық онлайн-челленджі өткізілуде.
Толығырақ … «02-01-2026 16: 02»
Алматы қалалық кардиологиялық орталығында қараша айында алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалған 34 жастағы науқас ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «02-01-2026 14: 51»