Жаңалықтар

Алматыда цифрлық инфрақұрылымды дамыту экология мен қоғамдық қауіпсіздік салаларын кезең-кезеңімен қамтып келеді. Жұмыстың негізгі бағыттары туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсеков Өңірлік коммуникациялар қызметіде айтты. Толығырақ … «10-02-2026 11: 44»

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің       2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кеңейтілген тізбесі бекітілді - атаулар саны       19-дан 31-ге дейін ұлғайтылды. Аталған тауарларға қатысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан күшейтілген бақылау және бағаға жүйелі мониторинг жүргізілуде.

Мониторинг «үй жанындағы» дүкендерде, азық-түлік базарларында және сауда желілерінде жүзеге асырылады. Негізгі мақсат - мөлшері         15 пайыздан аспайтын шекті сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу.

Кәсіпкерлік субъектілерімен жүргізілетін жұмыс шеңберінде заңнаманың талаптарын түсіндіру жүзеге асырылады, консультациялар жүргізіледі және ақпараттық материалдар таратылады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Айыппұлдар мөлшері:

  • жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін-5 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін-35 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-150 АЕК.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайта жасау айыппұлдың екі еселенген мөлшерде салынуына әкеп соғады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің сақталуын бақылау және бағаға мониторинг жүргізу жұмыстары тұрақты негізде жалғастырылатын болады.




Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«10-02-2026 10: 41»

Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін мемлекеттік қолдау шаралары мен колледждер инфрақұрылымын дамыту туралы Алматы қаласы Білім басқармасының стратегия және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ерік Әбішев баяндады.

Толығырақ … «09-02-2026 10: 27»

Жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы бірқатар нысанды аралап, инженерлік желілер құрылысының барысымен, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы және аумақты кешенді көріктендіру жобасының жүзеге асуымен танысты.

Толығырақ … «06-02-2026 10: 35»

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс сапасы, жылумен қамту, электр желілері және көріктендіру мәселелері бойынша тұрғындардың өтінішін қарады.

Қабылдауға қаланың әртүрлі аудандарынан ПИК, МИБ және бастамашыл топтардың өкілдері келді. Негізгі мәселе «Мәдениет» және «Зерделі» шағынаудандарындағы тұрғын үйлердің жай-күйіне, басқарушы компаниялардың жұмысына, инженерлік желілерге қосылуға, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруге қатысты болды.

Тағы бір маңызды тақырып - «Мәдениет» тұрғын үй кешеніндегі жағдай. Тұрғындар жылумен қамтудағы үзіліс пен құрылыс сапасына қатысты ақауға шағымданып отыр. Кейбері үйде есептеу құралдары, автоматика және қысым реттегіштері орнатылмаған, соның салдарынан жүйе теңгерімсіз күйде қалып отыр.

Сондай-ақ, «Ерменсай» шағынауданын электрмен қамту мәселесі талқыланды. Тексеру нәтижесінде мердігер ұйым бірқатар ақау жіберіп, кепілдік міндеттемелердің бұзылуы анықталған.

Бұдан бөлек Панфилов көшесінің Гоголь көшесінен төмен орналасқан бөлігін көріктендіру жайы талқыланды. Салаға жауапты қызметтердің айтуынша, бұл аумақ 2017 жылы қалалық бағдарлама аясында қайта жаңғыртылған, ал 2024 жылы мұнда қосымша көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Алмасхан Сматлаев әрбір тұрғынның өтініші жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктері қатысатын жұмыс тәртібінде қаралатынын атап өтті.

«Әкімдіктің міндеті — шағымды тіркеумен шектелу емес, әрбір өтінішті нақты шешімге жеткізу. Қабылдауда көтерілген барлық мәселе бақылауда және толық шешілгенге дейін назарда ұстаймыз», — деді Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев.

Қабылдау қорытындысы бойынша коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасына, энергетика және сумен жабдықтау басқармасына, құрылыс басқармасына және аудан әкімдері аппараттарына тиісті тапсырмалар берілді. Азаматтардың барлық өтініші тіркеліп, бақылауға алынды.




Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«06-02-2026 10: 22»

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым азаматтарды жеке қабылдады.

Толығырақ … «06-02-2026 05: 00»

Алматыда әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Есентай өзеніндегі велосипедшілер мен жүргіншілерге арналған көпірдің құрылысы жалғасып жатыр. Ал оңтүстік беттегі жүргіншілер көпірінің құрылысы іс жүзінде аяқталған. Бұл туралы Алматы қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері айтты.

Толығырақ … «05-02-2026 15: 42»

Алматыда 2026 жылы геймификация элементтері бар ерікті ретінде қатысудың цифрлық моделін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қалалық жастар саясаты басқармасы басшысы Азиз Кажденбек мәлімдеді.

Толығырақ … «05-02-2026 14: 47»

Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік қуатын жоғалтқан кәсіпорындардың өнеркәсіптік қорын кезең-кезеңімен қайта құру жұмыстары басталды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жұмыс істеп тұрған әрі бұрын белсенді қызмет атқарған өндірістік алаңдардың базасында шағын өнеркәсіп парктерін құру жөніндегі қалалық бастама жүзеге асырылып жатыр.

Толығырақ … «04-02-2026 09: 37»