Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізіп, мәдениет, білім беру, тарихи мұраны сақтау, шығармашылық бастамаларды дамыту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыру мәселелері бойынша тұрғындардың бірқатар өтініштерін қарады.
Кездесу барысында өтініш иелері ескерткіштер орнату және көрнекті тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтау, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, театр және баспа жобаларын қолдау, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен шығармашылық саласындағы бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, қалалық бағдарламалар аясындағы ақпараттық жұмыс және білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты өтініштер де қаралды.
Қарастырылған барлық өтініштер бойынша азаматтарға қажетті түсіндірмелер берілді. Жауапты басқармалар мен ұйымдарға көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында және мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде пысықтау тапсырылды.
Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың өзекті мәселелерін уақытылы қарауға және оларды шешу бойынша қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін кері байланыстың маңызды құралдарының бірі болып қала береді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтар