Жаңалықтар
Бүгін Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық және көркейту жұмыстары қаланың барлық ауданындағы сегіз аумақты қамтыды. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.
Толығырақ … «28-09-2026 17: 05»
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алған 2040 жылға дейінгі Бас жоспарды түзету жобасының негізгі ережелері туралы баяндады.
Толығырақ … «28-09-2026 17: 04»
15-ші Almaty Marathon-ға рекордтық көрсеткіш – 1 534 шетелдік желаяқ қатысты. Негізгі 42,2 шақырымдық қашықтықта да жаңа рекорд орнады: бұл қашықтыққа 1 614 адам тіркелді. 27 қыркүйекте өткен мерейтойлық марафонға 66 елден 16 мың адам қатысты.
Толығырақ … «28-09-2026 17: 02»
Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық! Биыл хайуанаттар бағындағы маралдар әулеті екі бірдей төлмен толықты. Жаңа туған төлдер қазір мамандардың тұрақты бақылауында және қажетті күтіммен қамтамасыз етілуде.
Толығырақ … «28-09-2026 16: 59»
2030 жылға қарай Алматыда қоғамдық көлікпен тәулігіне қатынау санын 2,3 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Толығырақ … «28-09-2026 16: 57»
Алматыда арнайы жабдықталған Yandex Qazaqstan автокөліктері қаланың жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасау үшін жолдар туралы деректер жинауға кірісті. Мұндай карта автономды көлікті сынақтан өткізудің келесі кезеңіне қажет.
Толығырақ … «24-09-2026 19: 12»
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алматылық спортшылар ұлттық құрама сапында жүлде алуды жалғастырып жатыр. Кезекті күміс медальдарды Кристина Морозова, Милад Карими және Татьяна Токарницкая жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «24-09-2026 18: 10»
Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының аумағында «Нәрестелер аллеясы» ашылды. Игі бастама аясында осы Орталықта дүниеге келген балалардың отбасылары 80 түп алма ағашын екті. Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «24-09-2026 18: 06»Алатау ауданы санитарлық тазалап, жасыл аумақтарды күтіп ұстауға көңіл бөліп, қоғамдық кеңістікті абаттандырып жатыр. Ауданда 730 көше бар.
Толығырақ … «23-09-2026 17: 37»
Алатау ауданында 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 43 жоба жүзеге асып жатыр. Оларды іске асыруға бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген. Барлық жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтамақ ойда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев осы туралы баяндады.
Толығырақ … «23-09-2026 17: 21»