Жаңалықтар

Алматыда 6 мың ағаш санитарлық мақсатта кесіліп жатыр

Апатты ағаштарды санитарлық мақсатта кесу қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі, бұл Алматы қаласы әкімдігінің ерекше бақылауында.

«05.07.24»

Алматыдағы «Төменгі бесжылдық» шағын ауданы қалалық инженерлік желілермен толық қамтылады

Жоба бойынша барлығы 67 көше қамтылған, олардың дені асфальтталған. Бұрын аталған шағын аудандағы үйлер орталық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылмаған.

«05.07.24»

Алматыдағы Сүйінбай даңғылының аумағында уақытша реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады

Сүйінбай көшесінің аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Бекмаханов көшесінен теміржол өткеліне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

«05.07.24»

Алматы тұрғындарына электросамокаттарда жүруді ереже бойынша үйретеді

Алматыда самокаттарда жүру Мектебінің үшінші маусымы ашылады. 5 шілдеде әрбір тұрғын электросамокаттарда қауіпсіз және этикалық жүргізудің негізгі ережелері бойынша тегін оқудан өте алады. Іс-шара әкімшілік полиция мен қала әкімдігінің қолдауымен өтеді.

«05.07.24»

Алматыда жылу желілерін жаңғырту және жөндеу жұмыстары кезінде бірнеше көшеде жүруге шектеу қойылады

Жоспарлы жылу желілерін жаңғырту және жөндеу жұмыстарының істелуіне байланысты Алматының бірнеше көшелерінде автокөліктердің қозғалысына шектеулер енгізіледі.

«04.07.24»

Алматыда 1981 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбырды ауыстыру мақсатында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

Алматы қаласы Жетісу ауданында 2024 жылдың 5 шілдедегі сағат 20:00-ден 8 шілдедегі сағат 23:00-ге дейін Айнабұлақ шағын ауданында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысын қамтитын аумақта көлік қозғалысы жабылады.

«04.07.24»

Өмірлік жағдайлар

Мен аттестатты/дипломды жоғалтып алдым

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 21: 44»

Білім туралы құжат cіздің жұмысқа орналасқан немесе оқуды әрі қарай жалғастырған жағдайда қажет болатын жалпы білім немесе кәсіби білім мен біліктілік алғаныңызды куәландырады. Міне сондықтан аттестат немесе диплом әрбір адамның өмірінде маңызды рөл ойнайды және ол жоғалған жағдайда оны қалай қалпына келтіруді білгеніңіз маңызды.


Дипломның телнұсқасын алу

Egov.kz порталы арқылы өтініш тапсыру үшін сіз келесілерді жасауыңыз қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңба) алу;
  2. авторландырылу және жоғары оқу орны басшысының атына өтініш беру, мұндай өтініште білім туралы құжаттың жоғалу жағдайларын немесе өзге себептерді (тегінің, есімінің, әкесінің атының (егер бар болса) өзгеруін, құжаттың жарамсыздығын немесе оны толтыру кезінде жасалған қателікті) көрсету қажет.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу орнының көрсетілуімен, дайын болғаны туралы хабарлама.

Диплом берілген оқу орнының орналасқан жері бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесінде (ХҚКО) дипломның телнұсқасын алу үшін сіз келесілерді ұсынуыңыз қажет:

  1. жоғары оқу орны басшысының атына өтініш беру, мұндай өтініште білім туралы құжаттың жоғалу жағдайларын немесе өзге себептерді (тегінің, есімінің, әкесінің атының (егер бар болса) өзгеруін, құжаттың жарамсыздығын немесе оны толтыру кезінде жасалған қателікті) көрсету қажет;
  2. қызмет көрсетушінің жеке басын куәландыратын құжат (тұпнұсқасы мен көшірмесі).

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жоғары және жоғарыдан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасы.

Білгеніңіз маңызды!

  1. Құжаттың телнұсқасын қалпына келтіру үдерісі – жоғары оқу орнына өтініш келіп түскен күннен бастап 1 айдан аспайды.
  2. Дипломның телнұсқасы бір рет қосымшасымен беріледі, қосымшасында оқу жоспары және әрқайсысы бойынша бағалары бар зерттелген пәндердің саны көрсетіледі.
  3. Дипломның телнұсқасына жоғары оқу орнының ректоры, сондай-ақ ағымдағы жылы бекітілген мемлекеттік емтихан комиссиясы қол қояды.
  4. Дипломның телнұсқасын беруді жоғары оқу орнының проректоры жүзеге асырады.

Орта білім туралы аттестатты қалпына келтіру

Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-да орта білім туралы аттестатты қалпына келтіру үшін сіз келесілерді ұсынуыңыз қажет:

  1. белгіленген нысандағы өтініш, мұндай өтініште құжаттың жоғалу жағдайлары немесе өзге себептер баяндалуы тиіс;
  2. туу туралы куәліктің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған жағдайда);
  3. кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (қамқоршысының, жанашырының, патронаждық тәрбиеленушісінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын беру.