Үйішілік желілерде штаттан тыс жағдай туындаған кезде қайда жүгінуге болады?

Жарияланған күні мен уақыты: «18-04-2024 13: 05»

Үйішілік желілерде (радиаторларда, тікқұбырларда, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінде судың ағуы) штаттан тыс жағдайлар орын алған кезінде үйіңізге қызмет көрсететін апаттық қызметке (сервистік компанияға) қоңырау шалу керек.

ПИК/МИБ ведомстволық бағынысты ғимараттарға қызмет көрсету туралы шарт жасасқан осындай компанияның кезекші қызметкерлері тәуліктің кез келген уақытында апат болған жерге дереу келуге, оның салдарын жоюға және үйішілік жылумен жабдықтау жүйесінің істен шыққан учаскесінің жұмысын қалпына келтіруге міндетті.

Бұл ретте, тұрғындар радиаторларды, құбырларды, өзге де жабдықтарды жөндеу немесе ауыстыру, пәтер ішіндегі дәнекерлеу және басқа да жұмыстарды сервистік компания ақылы түрде орындайтынын есте сақтауы тиіс.

Үй ішіндегі инженерлік желілердегі тәуекелдерді азайту үшін тұрғындар өкілдері арқылы кондоминиум объектісін басқару органының (ПИК, МИБ) қызметін бақылауды ұсынамыз, ол заң бойынша үйге ортақ (үйішілік) жылыту мен ыстық сумен жабдықтау жүйесін және жалпы үй меншігін құрайтын қондырғыларды тиісті техникалық жағдайда ұстауға, оның жұмысының қауіпсіздігін, коммерциялық есепке алу аспаптарының және басқа да жылу тұтынушылардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

Дереккөз: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС