Алматыда аула тазарту мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады

Жарияланған күні мен уақыты: «28-05-2024 17: 03»

Барлық ауданда мердігерлерді анықтау және қаланың аула аумағын жинау бойынша шарттар жасасу жөніндегі конкурстық рәсімдер аяқталды.

Бұрын хабарланғандай, 2023 жылы 1 қаңтардан бастап өкілеттіктерді орталықсыздандыру аясында Алматыдағы үйішілік аумақтарды жинауға арналған бюджет аудандық әкімдіктерге берілді. Бұл ПИК көпқабатты тұрғын үйдің ауласын мүлде немесе сапасыз тазалауына байланысты тұрғындар тарапынан шағымның көптігінен кейін қабылданған шешім.

Бұл ретте, жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру мақсатында мердігер ұйымдармен шарт бірден 3 жылға жасалады. Жалпы, биыл 4064 ауланы тазалауға 10,5 млрд теңге бөлінді.

Аумақтағы учаскенің тазалығын сақтау, қала тұрғындары мен қонақтарының ескертулерді жою жөніндегі өтінішіне уақытылы жауап беру – мердігерлік ұйымның міндеті.

Аудандық әкімдік коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері күн сайын жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізіп, аудан тұрғындарының өтінішін қарау бойынша бақылау жүргізеді.

 

Аула тазалаудың сапасы мәселесі бойынша аудан әкімдіктерінің телеграм чатына жүгінуге немесе мына телефон арқылы ақпарат алуға болады:

 

Аудан

Мердігерлік ұйым

Байланыс

Алатау ауданы

«Halyk Invest Consulting» ЖШС, «АРКЕТ» ЖШС, «City Development Service» ЖШС, «Самғау Групп» ЖШС.

Тұрғындардың өтінішіне арналған телеграм чат:

https://t.me/akimat_alatau

Анықтама телефоны:

+7 (727) 299-86-36 - Бауыржан Сапа, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы.

Алмалы ауданы

«KC Construction» ЖШС, «СМТ және Компания» ЖШС, «ЗаРа Гранд» ЖШС, «City Development Service (CDS)» ЖШС және «Айкомстрой» ЖШС.

Тұрғындардың өтінішіне арналған телеграм чат:

https://t.me/almalyaudany/1

Анықтама телефоны:

+7 (727) 313-31-12

Нұрдәулет Тоқсанбаев – көріктендіру бөлімінің басшысы.

Әуезов ауданы

«Сапа және К» ЖШС, «Виса Трейд» ЖШС, «АБС ЛД-Строй» ЖШС, ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК, «Gaumer A-Stroy» ЖШС.

Тұрғындардың өтінішіне арналған телеграм чат:

https://t.me/akimatAuezov1

Анықтама телефоны:

8 (727) 303-42-43 - коммуналдық шаруашылық бөлімі

Бостандық ауданы

«АБС-ЛДстрой» ЖШС, «Senim Group Construction» ЖШС, «Авангард» ЖШС, «АЛМАТЫ ДОРМЕХАНИЗАЦИЯ» ЖШС.

Тұрғындардың өтінішіне арналған телеграм чат:

https://t.me/bostandykaudanyy

8 (727) 274-46-01 - Ерұлан Сейдалиев, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Жетісу ауданы

«Сарыозексервис» ЖШС, «Хасен-Тас-Жол» ЖШС, ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК, «Altyn Tazalyq Group» ЖШС, «Жақсылық» мүгедектер қоғамы» ЖШС.

 

Тұрғындардың өтінішіне арналған телеграм чат:

https://t.me/obzhetysu

Анықтама телефоны:

8 (727) 384-27-69, 8 (727) 384-27-59 - коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Медеу ауданы

«DM-Stroy Company» ЖШС, «Yard Service» ЖШС, «АБС-ЛДстрой» ЖШС, «Алма-Ата горкомхоз» ЖШС.

 

Тұрғындардың өтінішіне арналған телеграм чат:

https://t.me/medeu_audany

Анықтама телефоны:

8 (727) 293-81-56 - коммуналдық шаруашылық бөлімі

Наурызбай ауданы

Қазір мердігерлік ұйымды айқындау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

 

Тұрғындардың өтінішіне арналған телеграм чат:

https://t.me/+jD3nmPVIVrw1YWQ6

Анықтама телефоны:

8 (727) 308-05-47 - коммуналдық шаруашылық бөлімі

Түрксіб ауданы

«Euro Construction 2020» ЖШС, «Сity Development Service (CDS)» ЖШС және «City Development Service (CDS)» ЖШС. Бұған қоса, ауданда екі мердігер ұйымды анықтау конкурсының қорытындысы шығарылып жатыр.

Тұрғындардың өтінішіне арналған телеграм чат:

https://t.me/turksib_audany

Анықтама телефоны:

8 (727) 223-11-53,8 (727) 223-11-50 - коммуналдық шаруашылық бөлімі

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі