Алматыдағы үй жануарларын тегін чиптеу емханаларының мекенжайлары

Жарияланған күні мен уақыты: «30-05-2024 17: 10»

2021 жылдың 30 желтоқсандағы №97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2024 жылы 1 маусымнан бастап Алматыда үй жануарларын (ит пен мысықты) тегін чиптеу бағдарламасы басталып, жыл соңына дейін жүргізіледі. 15000 үй жануарын чиптеу жоспарланған. 

 

Бұл қызмет Алматы қаласының тұрғындары үшін қолжетімді, оны мына ветеринарлық клиникаларда жасауға болады: 

1. Allvet ветеринарлық клиникасы (Әуезов ауданы)
    мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б
    телефон: 8 (747) 438-38-87 whatsapp арқылы жазылу керек

2. Mastino ветеринарлық клиникасы (Медеу ауданы)
    мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217
    телефон: 8 (700) 327-44-89 whatsapp арқылы жазылу керек  

3. Taugul Vet Boutique ветеринарлық клиникасы (Әуезов ауданы)
    мекенжайы: Таугүл шағын ауданы 21
    телефон: 8 (707)5413038, 8 (702)9457144 whatsapp арқылы жазылу керек

4. «Хвостики» ветеринариялық клиникасы (Наурызбай ауданы)
    мекенжайы: Тастыбұлақ шағын ауданы, Жандосов 54,
    телефон: 8(708) 983-43-13, 8 (727) 385-08-35.  

5. «Айболит» ветеринарлық клиникасы (Бостандық ауданы)
    мекенжайы: ҚазҰАУ, Абай даңғылы, 26,
    телефон: 8 (708) 972-02-07.  

6. Dog Premium ветеринарлық клиникасы (Түрксіб ауданы)
    мекенжайы: Зимняя 1А,
    телефон: 8 (707) 277-56-19.  

7. Dog Premium ветеринариялық клиникасы (Жетісу ауданы)
    мекенжайы: Грибоедов 105,
    телефон: 8 (707) 339-33-28.  

8. Banzai ветеринарлық клиникасы (Наурызбай ауданы)
    мекенжайы: Сейдімбек көшесі 26 А,
    телефон: +7 707 327 01 01

9. Ветстанция ветеринариялық клиникасы (Түрксіб ауданы)
    мекенжайы: Сейфуллин даңғылы №49,
    телефон: 8 (701) 757 77 27

 

Ескертпе: ветеринариялық мамандар ит пен мысықты чиптеу үшін қосымша аулаларды аралайды.