«Таза Қазақстан»: Алматыда апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және алып тастау басталады

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағында апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және алып тастау жұмыстары жүргізілуде.

Жарияланған күні мен уақыты: «31-05-2024 09: 42»

Биыл 29 мамырдан 29 маусымына дейін ағаштарды санитарлық мақсатта кесу ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар сынды жалғыз өзі тұратын әлеуметтік осал топқа (ХӘОТ) жататын жандардың ауласында жүргізіледі.

 

ХӘОТ-тен ағаштарды санитарлық мақсатта кесу бойынша өтінім Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тел.: 338-30-24 бойынша қабылданады. Ағаштарды санитарлық мақсатта кесу қажеттілігін анықтау үшін алдын ала тексеруден кейін аудан әкімдіктері тиісті іс-шаралар өткізеді.

 

Айта кететін нәрсе, ауа-райының қолайсыздығы кезінде құлау қаупі бар апатты жағдайдағы ағаштарды алып тастау жұмыстары Алматыда ерекше бақылауда. Ағаштардың жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Ауру, құраған, қауіпті апатты ағаштар кесіледі. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ағаш кесу туралы шешім жалпыға бірдей қорытынды шыққан соң қабылданады. Оның орнына 10 есе мөлшерде көшет отырғызылады.

 

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен мегаполисте бір айда 30 мыңнан астам жапырақты ағаш және 5 мың бұта отырғызылды, бұл Нью-Йорктің барлық орталық саябағынан көп.

 

«Алматы – бақ қала» акциясы барысында қаланың барлық ауданында 8 205 жасыл желек отырғызылды, оның 4 мыңнан астам алма. Тұрғындарға өз ауласын көгалдандыру үшін 3 мың көшет таратылды. «Мектеп ауласының оазисі» фестивалі аясында алматылық оқушылар 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туи көшетін отырғызды.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы елді мекендер аумағын көркейту мен көгалдандыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыруға, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

31 мамыр 2024

Жаңалықтар