WorldSkills Almaty-2025 X аймақтық чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Алматыда WorldSkills Almaty-2025 чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. 30 негізгі құзыреттілік бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатқа ие болды. Жүлде қоры шамамен 10 миллион теңге: әр номинация бойынша бірінші орынға — 150 000 теңге, екінші орынға — 100 000 теңге, үшінші орынға — 50 000 теңге табысталды.

Енді үздіктердің үздіктері Алматы атынан WorldSkills Kazakhstan-2025 Республикалық чемпионатында (Астана қаласында) бақ сынайды. Ал республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткендер 2026 жылы Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтетін WorldSkills кәсіби шеберлік бойынша халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев сайысқа қатысушылармен кездесіп, олардың жұмыстарымен танысты. Ол студент жастарды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша арнайы қосымша гранттар бөлінуі мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, қатысушылардың жұмысын 500-ден астам сарапшы мен жұмыс беруші бағалады. Биыл чемпионат ерекше маңызға ие болды, себебі ол Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
WorldSkills Almaty-2025 аймақтық чемпионаты кәсіби жетілуге ұмтылған талантты жастарды біріктірген жарқын оқиға болды.
Іс-шара студенттердің дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті және білім беру жүйесінде тәжірибелік дағдылардың маңыздылығын дәлелдеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер еңбек нарығында орнын нығайтып, болашақ кәсіби мамандарға үлгі болып келеді.
Жеңімпаздар тізімін жүктеп алу
Жаңалықтар

