Жаңалықтар

Алматыда оқушы орындарының тапшылығын жою шаралары күшейтіліп келеді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қаладағы оқушы орындарының тапшылығын жою және білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуына арналған жұмыс кеңесі өтті.

«13.07.26»

Алматыда 885 отбасы жаңа пәтердің кілтін алады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж отбасыларға жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Бағдарламаның алғашқы кезеңі аясында коммуналдық тұрғын үй қорынан 885 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.

«13.07.26»

Қазақстанда алғаш рет Алматы онкологиялық орталығында жаңа буынның позициялау жүйесі енгізілді

Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Алматы онкологиялық орталығында Қазақстанда алғаш рет ExacTrac Dynamic Brainlab жаңа буынның позициялау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе сәулелік терапияның дәлдігін арттырып, онкологиямен ауыратын пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

«13.07.26»

Алматы Eater басылымының «Where to Eat 2026» гастрономиялық бағыттар тізіміне енді

Қазақстанның ең ірі қаласы әрі бұрынғы астанасы Алматы Орталық Азиядағы басты гастрономиялық бағыттардың бірі ретінде танылды.

«13.07.26»

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған Ақсай өзеніндегі сүзгі станциясы бар жаңа су тарту нысанының салтанатты іске қосылу рәсіміне қатысты.

«12.07.26»

Алматыда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін алты жолақты жаңа магистраль салынады

Алматыда «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту аясында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа жолдар мен инженерлік коммуникациялар салу жоспарланған. Жоба 2023 жылы бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Бас жоспарға енгізіліп жатқан түзетулер бұл жобаға қатысты қандай да бір өзгерістерді көздемейді.

«10.07.26»

Өмірлік жағдайлар

Есептер 2022