Алматыда «Алматы жылу жүйесі» ЖШС «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз!» атты акцияны бастайды. Бастама жылу және ыстық су үшін берешегін өтеуге ниетті тұтынушыларға айыппұлсыз төлеуге мүмкіндік береді.
Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Пушкин көшесі бойында аумақты қайта жаңғырту жобасының басталғаны жөнінде хабарлайды.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Түрксіб ауданына барып, «Жас Қанат» шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Жергілікті халық абаттандыру жұмыстары үшін қала басшысына ризашылық білдірді.
Бостандық ауданына қарасты Ерменсай шағынауданында ауызсу тапшылығы мәселесін шешу мақсатында реверсивті су құбырының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба жүзеге асса, Ерменсай мен іргелес ірі тұрғын үй кешендерінің тұрғындары тәулік бойы үздіксіз сумен қамтылады. Бұл жөнінде қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мәлімдеді.