Жаңалықтар

Алматы жылыту маусымының басталуына дайын

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарлануда. Бірінші кезекте, жылу  әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға  берілетін болады. Қазіргі кезде жылыту маусымына дайындық 99%-ды құрайды.

«03.10.24»

Алматының Жетісу ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Алматы қаласының 9 көпбалалы анасы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларының иегері атанды. Олар Жетісу ауданында тұрады.

«02.10.24»

IFC қалдықтарды басқару жүйесін дамытуда Алматы қаласын қолдайды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен кездесуі барысында Алматыда экологияны жақсартуға және қалдықтарды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған әрі қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін реформалау бойынша зерттеудің аралық қорытындылары ұсынылды.

«01.10.24»

Алматыда жыл сайынғы субұрқақтар маусымы аяқталады

Алматыда 1 қазаннан бастап қалалық субұрқақтардың жұмыс маусымы аяқталды. Суық ауа райының басталуына байланысты қызмет көрсететін компанияның мамандары күзгі-қысқы кезеңде субұрқақ жабдықтарын сақтау процесіне кірісті.

«01.10.24»

Алматыда жастарды жұмыспен қамту бойынша KPI 3 есеге асыра орындалды

2023 жылдың басында Алматыда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,6%-дан асқан болатын. 2024 жылдың екінші тоқсанының деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 4,5% болып, жұмыссыздық деңгейі 1,1%-ға төмендегені байқалды. Мұны қалалық жастар саясаты басқармасы хабарлады.

«01.10.24»

Алматыда Наурызбай ауданында жаңа мектеп салынады

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС Алматы қаласы Наурызбай ауданында жекеменшік жалпы білім беретін мектептің құрылысын қаржыландырды.

«30.09.24»

Өмірлік жағдайлар