Жаңалықтар
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов жұмыс сапары аясында қаладағы Наурызбай ауданында салынып және қайта жаңартылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысанның құрылыс барысын тексерді.
Толығырақ … «27-01-2026 08: 58»
Алматыда қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жас ғалымдармен кездесіп, ғылым мен технологияны дамыту және оларды қалалық басқару жүйесінде тәжірибеде қолдану жайы сөз болды.
Толығырақ … «26-01-2026 08: 54»
Алматыда 16–18 қаңтар аралығында жауған мол қардан кейін тазалау жұмыстары жалғасуда. «Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, осы кезеңде қала аумағына 18 сантиметр қар түскен. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.
Толығырақ … «23-01-2026 19: 41»
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Қалада 20 тоқтау-бұрылу алаңын (ТБА) салу жоспарланып отыр.
Толығырақ … «23-01-2026 09: 44»
«Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы — «МҚҰ «Almaty» ЖШС 2025 жылы «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Алматының шағын және микро бизнесіне 72 жеңілдетілген несие берді. Жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер бизнесін дамыту үшін жылдық 2% және 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржы алды.
Өткен жылы берілген несиелердің жалпы көлемі 3,2 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға берілетін қаржыландыру лимиті 78,64 млн теңге, ал ең жоғары несиелеу мерзімі 7 жыл болды.
Салалық тұрғыда ең көп қаржыландырылған жобалар өндіріс және қайта өңдеу саласына тиесілі — бұл барлық қолдау тапқан жобалардың 32%-ы. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар – 24% және денсаулық сақтау – 21% болды. Бұдан кейін білім беру – 8%, креативті экономика – 7%, сондай-ақ туризм мен спорт – әрқайсысы 4% болды.
«Almaty Business – 2025» бағдарламасы 2019 жылы іске қосылғалы бері «МҚҰ «Almaty» Алматыда жалпы сомасы 16,5 млрд теңге болатын 659 жобаны қаржыландырды. Әсіресе, ең үлкен қолдау өндірістік жобаларға – 29% және денсаулық сақтау саласындағы жобаларға – 16% бағытталды. Қаржыландырудың тағы 10%-ы әлеуметтік кәсіпкерлікке тиесілі, бұл жобалар жылдық 2% ең төменгі жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алды.
Аумақтық бөліністе ең көп жоба Бостандық ауданында қолдау тапты — 141 несие. Одан кейін Алатау ауданы — 110, Алмалы — 88, Медеу — 80, Әуезов — 77, Наурызбай — 67, Жетісу — 49 және Түрксіб — 47.
МФО «Almaty»-дің жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қалада шамамен 3 000 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша қарыз алушылар бизнесін дамыту есебінен бюджетке шамамен 3 млрд теңге салық төледі.
Қазіргі уақытта «Almaty Business» бағдарламасын ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы қосымша хабарланады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасының мамандары Осипенко көшесінде орналасқан іргетас үстіне салынған металл құрылымнан салынған қосымша құрылыстың сүрілгені туралы айтты.
Толығырақ … «20-01-2026 08: 19»
Алматыда Пушкин көшесі бойында жаңа ағаштармен көмкерілген заманауи жасыл дәліз құрылуда
Толығырақ … «19-01-2026 08: 30»
Бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жанынан жастарды, креативті қауымдастықтарды және білім мен инновацияға ұмтылған қала тұрғындарын біріктіретін «American Space & Makerspace» жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды.
Аталған орталық қала әкімдігінің, АҚШ Елшілігі мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының, сондай-ақ жергілікті серіктес ұйымдардың қолдауымен ашылды. Жоба қала тұрғындарының білім алу, шығармашылықпен айналысу және заманауи технологияны меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық мәдени және білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.
Салтанатты рәсімге Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін, «Chevron International Petroleum Company» компаниясының Вице-президенті Дилан Морган, АҚШ Бас консулының баспасөз, мәдениет және білім жөніндегі кеңесшісі Хира Каур Камбодж, сонымен қатар білім беру және мәдениет ұйымдарының өкілдері қатысты.
Толығырақ … «15-01-2026 19: 07»