«Eco Almaty» экология және ауа сапасы туралы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынды
«Eco Almaty» ЖШС Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидалары туралы ақпараттық науқан аясында экология тақырыбындағы қысқа танымдық бейнероликтер топтамасын шығарды.
Жарияланған күні мен уақыты:
«21-09-2026 16: 57»
Бейнероликтерде ауа сапасына әсер ететін негізгі факторлар, ластану көздері, экологиялық талаптар, қалдықтарды дұрыс басқару және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудың қарапайым жолдары туралы түсінікті тілмен баяндалады.
Топтамада шығарындылары төмен аймақ (LEZ), автокөліктерден бөлінетін шығарындылар және атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған басқа да шаралар туралы жеке бейнероликтер бар. Оларды мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: https://disk.yandex.ru/d/HfnveZ5tn9RgCA
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
Алматы әлемдік туристік картаға шығады
«21.09.26»