Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Алматыда 2026 жылы 1-5 маусым аралығында қала әкімдігінің қолдауымен Орталық мәдениет және демалыс саябағында XXVIII халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өтті. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

Жарияланған күні мен уақыты: «10-06-2026 08: 31»

Биыл халықаралық байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Армения, Грузия, Болгария, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Қытайдан келген жас өнерпаздар қатысты. 700-ден астам қатысушы вокал, хореография, сән театры, халықтық орындаушылық және аспаптық өнер аталымдары бойынша шеберлік көрсетіп, бақ сынады.

Қазылар алқасының құрамына мәдениет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ Италия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Польша, Қытай, Болгария, Грузия және Армениядан келген мамандар енді.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға Гран-при, сондай-ақ әр аталым мен жас ерекшелігі бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом табысталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды.

Вокал аталымы бойынша Гран-при иегерлері:

кіші топ – Әділ Бектұрсын, Алматы қаласы;

орта топ – Нұрай Маратова, Алматы қаласы;

ересек топ – Виктория Илиева, Пловдив қаласы, Болгария Республикасы;

кәсіби топ – Мархабат Мұрадәлі, Қарағанды қаласы.

Халықтық орындаушылық және аспаптық өнер аталымдары бойынша Гран-при иегерлері:

кіші топ – Әли Асқар Еркінұлы, Алматы қаласы;

ересек топ – Әл-Азиза Ғалымжан, Алматы қаласы;

ересек топ – Ваге Назаретян, Ереван қаласы, Армения Республикасы.

Хореография және сән театры аталымдары бойынша Гран-при иегерлері:

кіші топ – «Жас Өркен» би ансамблі, Алматы қаласы;

орта топ – «Тұмарханым» халық биі студиясы, Алматы қаласы;

ересек топ – «Ару Арал» би ұжымы, Арал ауданы, Қызылорда облысы;

ересек топ – «Керім-ай» сән театры, Алматы қаласы.

«Бозторғай» байқауы – жас таланттардың халықаралық шығармашылық кеңістікте танылуға бастар алғашқы қадамы. Бұл шығармашылық алаң жыл сайын жүздеген баланың өнерге деген сүйіспеншілігін, достық пен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын біріктіріп, жаңа белестерге жол ашады.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар