Алматының Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін екі көшенің бойы көлік қозғалысы үшін жабылады

Алматының Бостандық ауданында автокөлік қозғалысы жабылады

Жарияланған күні мен уақыты: «21-06-2024 22: 06»

 

 

* 21 маусымда сағат 22.00-ден 22 маусымдағы сағат 12.00-ге дейін Сәтбаев көшесінің бойымен Масанчи көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;

* 21 маусымда сағат 22.00-ден 23 маусымдағы сағат 12.00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінің бойымен Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін.

Уақытша шектеулер аталған көше учаскелерінің жол бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде гидравликалық сынақтар кезінде анықталған ақауларды жою үшін жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілмек.

Кешірім өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар