Алматыда жөндеуге байланысты Дулати даңғылының учаскесі біраз уақытқа жабылады

Дулати даңғылының учаскесі орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.

Жарияланған күні мен уақыты: «09-07-2024 13: 28»

9 шілдеде сағат 23.00-ден 11-ші шілденің сағат 11.00-не дейін Набережная көшесінен Өтегенов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Айналма жол Набережная, Баязитова, Қазыбек Тауасарұлы және Өтегенов көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат сайтта орналастырылған Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2gis және «Яндекс карталар» сервистерінде бар.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар