Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

2026 жылы 25 шілдеден бастап Алматыда №61, №218 және №238 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді.

Жарияланған күні мен уақыты: «24-07-2026 15: 30»

Бұл шешімді қалалық Жол қозғалысы ұйымдастыру және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысының ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылдады.

Өзгеріс қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған.

25 шілдеден бастап маршруттар төмендегі сызба бойынша қатынайды:

№218 маршрут

* Оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі – Саин көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінен кейін кері бұрылу – Абай даңғылы – «Б. Момышұлы метро бекеті» соңғы аялдамасы.
* Кері бағытта: «Б. Момышұлы метро бекеті» – Абай даңғылы – Саин көшесі – Мөңке би көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№238 маршрут

* Оңтүстік бағытта: Саин көшесі – Төле би көшесі – «Автостанция» соңғы аялдамасы.
* Кері бағытта: «Автостанция» – Төле би көшесі – Саин көшесінен кейін кері бұрылу – Төле би көшесі – Саин көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№61 маршрут

* Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – «Арман» автостанциясы соңғы аялдамасы.
* Кері бағытта: «Арман» автостанциясы – Жароков көшесінің жолайырығы – әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі – Абай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерісті ескеруді сұраймыз. Жаңартылған қозғалыс сызбалары туралы ақпарат аялдама пункттерінде, сондай-ақ қаланың ақпараттық қосымшаларында жарияланады.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар