Алматыда Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы уақытша жабылады

21 маусымда сағат 23.00-ден 22 маусымдағы сағат 09.00-ге дейін Алматыдағы Медеу ауданында Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысында автокөлік үшін қозғалыс жабылады.

Жарияланған күні мен уақыты: «21-06-2024 22: 13»

Аталған көше қиылысы бойынша екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер аталған көше қиылысы бөлігіндегі көлік жүретін жол бөлігінің астынан өтетін, 1986 жылдан бері пайдалануға берілген ұзындығы 305 метрлік құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Бұл құбыр 5 көпқабатты тұрғын үйді және тағы басқа 4 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар