Алматыда Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сессиясы өтті

Алматыда Nurlan Kapparov Fellowship панельдік сессиясы өтті. Бұл Гарвардтың Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде (HKS) беделді білім алу мәселесін қамтуға бағытталған студенттерге, мектеп түлектеріне арналған әлеуметтік-білім беру іс-шарасы. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Жарияланған күні мен уақыты: «28-06-2024 17: 41»

HKS магистратура бағдарламаларына түскен Қазақстан мен Орталық Азиядан келген талапкерлер үшін 2003 жылғы түлек, мемлекет қайраткері және бизнесмен Нұрлан Қаппаровты еске алуға арналған стипендия белгіленді.

«Бүгін Нұрлан өмірден өткеннен кейін бір жылдан соң, 2016 жылы жүзеге асқан Нұрлан Қаппаров атындағы стипендиялық бағдарламаның үлкен тұсаукесері. Осы уақыт ішінде біз Нұрланның өміріндегі жоғары қағидаттарға - адамдарға көмектесу, оларға мүмкіндік беру және өз жолын табу үшін не істеу керектігін ойладық. Стипендиялық бағдарламаның өзі бірегей және Орталық Азиядағы жалғыз бағдарлама. Аталған бағдарламаға Гарвард университетінің өзі қолдау көрсетіп отыр, өйткені Нұрлан Қаппаров осы оқу орнының түлегі әрі құрмет пен қошаметке ие. Бағдарлама барынша ашық, ең үздіктерді Гарвардтың қабылдау комиссиясы таңдайды. Барлығының мүмкіндіктері бірдей. Сіздерге айтарым, қашанда оқуға ұмтылып, жаңа білім алып, тәжірибе жинақтау қажет. Бұлар өмірде сенімді жүруге көмектеседі», - деді Ерболат Досаев.

Стипендия Қазақстан мен Орталық Азиядан емтихан тапсыруға жіберілген талапкерлер арасында Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін іріктеудің барлық тиісті критерийлеріне жауап беретін және HKS магистратура бағдарламаларының біріне қабылданатындарға конкурстық, бағалау негізінде беріледі.

«Нұрлан білімнің стратегиялық маңызды инвестиция екеніне, оның экономикалық өсуге ықпал ететініне сенді. Нұрлан әрдайым жастарды қолдап, әр бала жақсы, сапалы білім алуға лайық деп есептеді. Сондықтан біз Гарвард Кеннеди мектебінде магистранттарға арналған стипендиялық бағдарлама құруды шештік. Қазір сегіз адам білім алды, енді біз өскелең ұрпақты шабыттандырғымыз келеді, армандаған білімнің шындыққа айналуы мүмкін екенін айтқымыз келеді, сондықтан біз ашық панельдік сессия ұйымдастыруды жөн көрдік», – деді Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінде Нұрлан Қаппаров қорының және стипендияның негізін қалаушы Гаухар Қаппарова.

Әр жылдардағы NK Fellowship лауреаттары дәрістер мен презентациялар өткізді, барлық ниет білдірушілер HKS өкілдерінен жауап ала алды. Сондай-ақ, панельдік сессия қатысушыларына Нұрлан Қаппаровтың өмірі мен оқу тарихын көрсететін ролик ұсынылды.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар