Алматыда Ұлықбек көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Ұлықбек көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жарияланған күні мен уақыты: «31-07-2025 13: 17»

Атап айтсақ, 31 шілде күні сағат 21:00-ден 1 тамыз күні сағат 07:00-ге дейін Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады.

 

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

 

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде жарияланады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар