Алматыда келесі жылы 16 жаңа мектеп ашылады
Алматыда келесі жылы мектептерді сейсмикалық күшейту және қайта құру, жаңғырту жұмыстары жалғасады. Қаланың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті мәслихаттың кезекті сессиясында мақұлданды.
Алдағы үш жылға арналған бюджетке сәйкес, 344 мың оқушыны қамтитын 216 мектепті, 12 интернатты және 20 колледжді ұстауға шамамен 250 млрд теңге бөлінеді.
Мектептерді қайта құру және сейсмикалық күшейту Алматы әкімдігінің басым бағытының бірі болып қала береді. Мегаполисте жаңа үш жылдық бюджеттің қабылдануымен жоғары сапа стандарттарын сақтай отырып, оқу орындарын жаңғырту жалғасады.
Мемлекет басшысының сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы 3 мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталады, Түрксіб ауданындағы №50 мектеп-лицейде және Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы 7 бөбекжай-балабақшада сейсмикалық күшейту жұмыстары басталады. Бұған қоса, Зерделі және Шұғыла шағын аудандарында 2 мектептің құрылысы аяқталып, 12 мектепте қайта құру жұмыстары жүргізіледі. 2023-2024 жылдары қалада 11 мектепте күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, 2025 жылы ұлттық «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 24,2 мың орындық 14 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл келесі оқу жылына дейін оқушы орындарының тапшылығын «қажетті» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін төмендейді.
Қабылданған шаралардың арқасында Алматы мектептерінде бір ауысымды оқытуға кезең-кезеңімен көшу жалғасуда. Келесі оқу жылына қарай 200-ден астам мемлекеттік мектептің 43-і (12,5%-дан 18,4%-ға дейін) бір ауысымдық оқыту жүйесіне көшеді.
Қала мектептерінің инфрақұрылымын жаңғыртуға, дамытуға ерекше назар аударылады. Биыл 89 мектепке 168 жаңа модификациядағы кабинет сатып алынды, бұл заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз етуді 86,3%-ға жеткізді.
Сонымен қатар, 2025 жылы Орбита-3, Алтын бесік, Құрамыс, Шұғыла және №10 шағын аудандарында 5 балабақшаның құрылысы мен жаңартуы жалғасады. Бұл Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 97%-ын мектепке дейінгі біліммен қамту туралы тапсырмасын іске асыру аясында жасалады.
Сондай-ақ, келесі жылы Қарағайлы, Дархан және Нұркент шағын аудандарында 3 балабақша салу жоспарланып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде мектепке дейінгі мекемелерге 2 280 бала қабылданады. Бұл балалардың ерте білім алуына қолжетімділікті арттырып, мегаполистегі білім беру сапасын жақсартуға айтарлықтай ықпал етеді.