Алматыда «BAZIS-A» компаниясын жолайрығы эстакадасындағы асфальтты қалпына келтіруге міндеттеді

Алматыда Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактінің қиылысында жолайрығы эстакадасының жол бөлігінде шұңқырлар пайда болған. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жаңадан салынған нысанның жол жамылғысында ақаулардың қайдан пайда болғандығы жөнінде саул қоя бастады.

Жарияланған күні мен уақыты: «10-07-2024 13: 11»

Алматы қалалық мобильділік басқармасы эстакада бойынша қозғалыс 2021 жылы ашылғанын, бірақ жолайрығы 2023 жылдың қазан айында пайдалануға берілгендіктен, нысан 2026 жылға дейін кепілдікте екенін хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, асфальтбетон жабынының ақаулары гидрооқшаулағыш материалдың қабыршақтануы салдарынан пайда болды. Оның нақтылы себептерін анықтау үшін зақымданған учаске ашылады. «Bazis construction» ЖШС компаниясына кепілдік міндеттемелеріаясында өз қаражаты есебінен алдағы 10 күн ішінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге нұсқау берілді», - делінген хабарламада.

Басқарма қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде ақаулы учаскеге уақытша жөндеу жүргізілгенін айтты.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар