Алматыда Қажымұқан көшесімен жүруге уақытша шектеу қойылады
2023 жылы жоғарыда аталған учаскеде жаңғырту жұмыстарын жүргізген «АСКАДИ» ЖШС мердігерінің кепілдік міндеттемесі шеңберінде асфальт-бетон жабынында анықталған ақауларды жою мақсатында уақытша шектеулер енгізілуде. Бұл жұмыс мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілетін болады.
Қажымұқан көшесінің бойымен Госпитальная көшесінен Достық даңғылына дейін 2024 жылғы 27 маусымда сағат 09.00-ден 1 шілдедегі 08.00-ге дейін автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады.
Аталған көше бойынша екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.
Естеріңізге сала кетейік, мердігер «АСКАДИ» ЖШС 2023 жылы 25 жылдан астам жыл қызмет етуімен өзінің нормативтік қызмет ету мерзімін өтеген, ұзындығы 617 метр құбырды жаңғыртқан болатын.
Құбыр 86 көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарын, 6 мектеп, 4 балабақша, 14 денсаулық сақтау объектісін және 15 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Жаңғырту осы учаскеде жылу шығынының, тозудың және апатты жағдайлар туындауы ықтималдығының деңгейлерін азайтуға мүмкіндік берді.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі