Алматыда «Алматы Жазы» акциясы барысында өзендер мен су айдындарының аумақтары тазартылады

«Алматы Жазы» акциясы аясында 26 маусымнан 6 шілдеге дейін қаланың аула ішіндегі аумақтарын қоқыстардан, сондай-ақ алаңы 250 шаршы км өзен жағалаулары мен су айдындарының аумақтарын тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жарияланған күні мен уақыты: «26-06-2024 18: 27»

Аулалар ішіндегі аумақтарда қоқыс контейнерлерінің тез толуы жаз мезгілінде ірі мегаполисте өзекті мәселе болып табылады. Бұл проблеманы шешу үшін 1 454 контейнерлік алаңды санитарлық өңдеу, оларды жуу және дезинфекциялау, сондай-ақ 24 747 көше және аула урналарын тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, аула аумақтарының санитарлық және эстетикалық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы контейнерлік алаңдарды тереңдетілген контейнерлерге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 2024-2025 жылдар аралығында 2 905 жаңа контейнер орнату жоспарланған. Терең типтегі контейнерлердің негізгі артықшылықтары-эстетикалық көрініс, қалыптасқан құрылыс алаңдарының қысқаруы, жағымсыз иістердің болмауы, құстар мен қаңғыбас жануарлардың кіруіне тосқауыдың болуы.

«Алматы Жазы» акциясы «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында өткізіледі және жазғы кезеңде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының жалғасы болып табылады. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауды қалыптастыру, сондай-ақ жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар