Алматыда Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Жарияланған күні мен уақыты: «31-07-2025 13: 33»

31 шілде күні сағат 22:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Қастеев көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

 

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

 

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде жарияланады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар