Алматыда 500 жұмыс орнына арналған өнеркәсіп паркі салынады
«Алматы» ӘКК еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС жаңа өнеркәсіп паркін салуға 295 млн теңге несие желісін ашты. Бұл «Almaty Finance» қаржыландыратын 12-ші өнеркәсіп паркі. Жобаны неиелеу «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Ауданы 4000 м² болатын өнеркәсіп паркі 2025 жылдың маусым айында Алматы индустриялық аймағының аумағында ашылады. Өндірісті іске қосуға дайын инфрақұрылымы бар үй-жайларда бір мезгілде 500-ден астам жұмыс орнын ашатын 10-ға дейін кәсіпорын орналаса алады. Жұмыс алаңдары бизнеске жеңілдікті шарттармен жалға берілетін болады – м² үшін 1 350 теңгеге дейін, кейіннен м² үшін 180 000 теңге бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.
Инвестордың өз қаражатын ескере отырып, «T and M company» ЖШС жобаға салынған салымдардың жалпы сомасы 363 млн теңгеден асады.
«Қазіргі уақытта Алматыда 40-қа жуық өнеркәсіп паркі сатылды немесе сатылу сатысында тұр. Нысандардың толтырылуы 100% құрайды. Шағын және орта бизнестің өнеркәсіп паркінде орналасуға деген сұранысының жоғары болуына байланысты олардың саны қала бойынша 2030 жылға дейін 100 бірлікке жетеді деп күтілуде. Бұл ретте өнеркәсіп парктерінің құрылысын қаржыландыру жеңілдікті шарттармен, жылдық 6%* мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады» деп атап өтті - «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.
* Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі
Анықтама үшін:
«Almaty Finance» ЖШС — 2019 жылы құрылған несиелік ұйым «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ еншілес компаниясы болып табылады. «Almaty Finance» ЖШС Алматыдағы ШОБ субъектілеріне жылдық 2% немесе 6% мөлшерлеме бойынша жеңілдікті қаржыландыруды ұсынады (ЖТСМ). Несиелеудің мақсаты-жаңа өндірістер құру және айналым қаражатын толықтыру. Қарыздың ең жоғары сомасы-500 млн теңге. Мерзімі-7 жылға дейін. «Almaty Finance» несиелеу бағдарламасы «Almaty Business-2025» аясында жүзеге асырылуда.
«Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы « АҚ - даму институты, мемлекет ресурстары мен бизнес арасындағы көпір. «Алматы» ӘКК қызметі тұрақты жеке кәсіпкерлікті дамыту жағдайында қоғамның әлеуметтік, білім беру, мәдени мәселелерін шешуге бағытталған.
Ақпарат көзі: «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы