Алматы спортшылары стенд атудан әлем чемпионы атанды

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Жарияланған күні мен уақыты: «24-06-2026 13: 37»

Қыздар арасындағы «трап» жаттығуында қазақстандық команда 337 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетіп, чемпиондық тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Әлем чемпионы атанған құраманың сапында алматылық спортшылар Элеонора Ибрагимова мен Мария Горун, сондай-ақ шымкенттік Милана Папчихина өнер көрсетті.

Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын бұл жарыста 13 мерген қорғайды.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар