Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Ерік Жұмабай тағайындалды
Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен аппарат басшысының орынбасары болып Ерік Жұмабай тағайындалды.
Жарияланған күні мен уақыты:
«20-06-2024 13: 48»
Ерік Жұмабайұлы Жұмабай 1988 жылы туған. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Кәсіби мансабын 2009 жылы қаржы полициясы органдарында бастаған. Кейінгі жылдары ол құқық қорғау органдарында әртүрлі қызметтер атқарды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі