Электр самокаттарды тұраққа дұрыс қоймау туралы қайда хабарласуға болады

Жарияланған күні мен уақыты: «18-04-2024 12: 44»

Қала тұрғындарының көптеген шағымдарына байланысты қалалық мобилділік басқармасының мамандары электрсамокаттарды жалға беруші компаниялардың өкілдерімен бірлесіп қала бойынша рейд жұмыстарын бастады.

Ыңғайсыздық тудырып тұрған самокаттарды көрсеңіздер, шағым посттарыңызда міндетті түрде самокаттың номерін көрсетіп фотоға түсіріп, орналасқан мекенжайымен бірге мына парақшаларына хабарлауларыңызды сұраймыз:

Немесе ЭЦҚ-ны қолданып:

  • Open-almaty.kz интернет порталы
  • Eotinish.kz- ақпараттық жүйелері арқылы өтінішті жібере аласыз.

 

Сонымен қатар, әкімдіктің ұсынысы бойынша компаниялар жеке құрам құрып, қала көшелерінде дұрыс емес орналастырылған электр самокаттарды тұрақ орнындарына орналыстырады. Сондай-ақ, бұл қызметкерлер қосылымды жоғалтқан немесе заряды таусылған электр самокаттарды бір немесе үш сағаттын ішінде жинайды.

Анықтама:

Электрлі самокат – екі немесе үш доңғалағы бар жеке көлік түрі. Орындықтары жоқ бұл құрылғы тек бір адамның қозғалысына арналған. Максималды жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайды.

Оның алдыңғы, бүйірлік және артқы жарық шағылыстырғыштары болуы шарт. Сондай-ақ электрлі самокаттарда алдыңғы фаралар мен артқы шамдар болуы керек. Айналадағы адамдарға өзінің жақындағаны туралы ескерту жасау үшін көліктің бұл түрінде дыбыстық құрылғы болуы маңызды.

Электрлі самокатты басқару кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары:

  • қозғалыс бағытына жақсы шолу жасап, ұялы телефон немесе басқа гаджеттерді пайдаланбаңыз;
  • көлік құралын екі қолыңызбен ұстаңыз, тоқтайтын болсаңыз – асықпаған жөн;
  • электрлі самокатты қараңғы, тар және кедергілері бар жерде қолданбағаныңыз абзал;
  • көлік көп жүретін жерлер мен адамдар жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
  • электрлі самокатты қолдану кезінде басыңызды, білек пен шынтағыңызды және тізеңізді қорғайтын құралдарды ұмытпаңыз;
  • жүк пен жолаушыларды тасымалдауға болмайтынын естен шығармаңыз;
  • жол жүрісі қағидаларын сақтай отырып, өз траекторияңыз бен қозғалыс жылдамдығыңызды таңдап алыңыз;
  • жаяу жүргіншіге немесе велосипедшіге өзіңіздің жақындағаныңыз туралы хабар беріңіз;
  • жаяу жүргіншілер өткелінен көлік құралынан түсіп өтіңіз.