Азаматтықты қалай ауыстыруға болады?

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 21: 33»

Адам қай жерде өзіне жақсы және ыңғайлы сол жаққа ұмтылады. Егер сіз үшін Қазақстан қолайсыз болып, басқа елге көшу туралы ойланған болсаңыз және сол елдің азаматтығын алғыңыз келсе, онда ең алдымен біздің Республикамыздың азаматтығынан шығуыңыз қажет. Бұны қалай істеуге болатынын, қандай құжаттар жинау қажет екендігін осы баптан оқыңыз.


ҚР азаматтығынан шығу

ҚР азаматтығынан шығу үшін сізге тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне баруыңыз және келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. өз еркімен қазақстандық азматтығынан шығу туралы өтініш;
  2. өтініш-сауалнама;
  3. өмірбаян;
  4. 3,5 х 4,5 см көлеміндегі үш фотосурет;
  5. баланың (балалар) туу туралы куәлігі және неке туралы куәлік көшірмесі;
  6. жұмыс орнынан, оқу орнынан, сондай-ақ өндіріс атқарушы аумақтық органынан мемлекет алдында орындалмаған міндеттердің бары немесе жоқтығы туралыанықтама немесе меншік нысанына қарамастан азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ҚР ұйымдарының мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттер;
  7. мемлекеттік баж төлемі туралы құжат немесе оны төлеуден босату;
  8. әскерге алынатын жастағы адамдар үшін - Алматы қ. Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен әскери қызметті өтеуден босатылу туралы немесе босату дың мүмкін еместігі туралы анықтама;
  9. жұбайының немесе материалдық және басқа да талаптардың (бар болған жағдайда) жоқтығы туралы қызмет алушының қарауында жүрген адамдардың нотариалды куәландырылған өтініші.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 ай. Жеңілдетілген тәртіпте - 3 ай.

Егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса және олардың біреуі кәмелетке толмаған баласымен бірге Қазақстан Республикасының азматтығынан шығу туралы өтініш білдірсе, онда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына қатысы бар екендігі туралы екінші ата-анасының өтініші ұсынылады.

Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне тапсырылған құжаттардың барлығы жиналғаннан кейін, барлық материалдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне дәлелді шешім қабылдау үшін жолданады.

Көрсетілген қызметтің соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманы беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.


ҚР азаматтығынан шығу кезінде зейнетақы қорынан айыру

ҚР азаматтығынан шығу зейнет жасқа дейін зейнетақы қорынан айыруға бірден бір негіз болып табылады.

ҚР азаматтығынан шығу кезінде зейнетақы қорын алу үшін сізге тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. БЖЗҚ бөлімшесіне баруыңыз қажет.

Міндетті, кәсіби міндетті және ерікті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы қорларын алу кезіндегі қажетті құжаттар тізбесі:

  1. шетелге шығу төлқұжатының түпнұсқасы және көшірмесі (таңбалары бар беттер);
  2. зейнетақы қорын аудару үшін алушының банктік шотының бар болуы туралы анықтама.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы қорларын алу кезіндегі қажетті құжаттар тізбесі:

  1. шетелге шығу төлқұжатының түпнұсқасы және көшірмесі немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (таңбалары бар беттер);
  2. зейнетақы қорларын аудару үшін алушының банктік шотының бор болуы туралы анықтама.

Тұрғен жерін ауыстыруына жәнебасқа елдің төлқұжатын алуына байланысты алушының жеке деректері өзгерген жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты) ұсынылады:

  1. тегі,аты,әкесінің аты өзгергені туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  2. Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімінде немесе Қазақстандағы egov.kz электрондық үкімет порталында немесе шетел мемлекетінің уәкілетті органымен берілген берілген неке қию/ажырасу туралы куәлік.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жеріне кеткен жеке тұлғаларға зейнетақы қорын төлеу кезінде зейнетақы қорына 10% мөлшерде салық салынады.


Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердеболған жағдайда, ҚР азаматтығынан шығу

Сіз шетелде тұрып жатырсыз және азаматтықтан шығу үшін Қазақстанға келгіңіз келмейді? Онда қазақстандық консулдық мекеме арқылы Қазақстан Республикасы Презиентінің атына өтініш жазуыңыз қажет.

Өтінішпен бірге:

  1. белгіленген нұсқадағы өтініш-сауалнама 2 көшірмеде;
  2. ерікті нысанда құрастырылған өмірбаян 2 көшірмеде;
  3. 4 х 5 см көлеміндегі үш фотосурет;
  4. баланың туу туралы (балалар), неке туралы (ажырасу туралы, өлгені туралы) куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  5. төлқұжат көшірмесі (мекендеу еліне ПМЖ-а кетуіне рұқсат беру туралы таңбасы бар төлқұжат, мұндай таңба болмаған жағдайда-мекендеу еліндегі тұрақты тұрғылықты жеріне кету туралы басқармасының аудандық бөлімшесінен кету туралы мекенжай қағазы);
  6. мекендеу елінедегі ықтияр хат көшірмесі;
  7. консулдық жинақ төлемі туралы құжат.

Шетел азаматтығын алғаннан кейін сйәкес мемлекетте Қазақстан Республикасының Елшілігінің консулдық бөліміне Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжатын қайтару қажет.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұру қазақстандық азаматтықтың тоқтатылуына әкелмейді. Бірақ, шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы 3 жыл ішінде дәлелді себептермен консулдық тіркеуге тұрмаса, автоматты түрде Қазақстан Республикасы азаматтығының күші жойылады.


Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуда бас тарту талаптары Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етілмейді, егер өтініш беруші:
  1. Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған міндеттері немесе азаматтар мен ҚР аумағында орналасқан кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттері болса.
  2. Қылмыстық тәртіпке тартылған айыпталушы ретінде немесе күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуде немесе ҚР мемлекеттік қауіпсіздігіне қайшы келсе.