Қазақстан Республикасының азаматтығын қалай алуға болады?

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 21: 40»

Мемлекет пен оның азаматтары арасындағы өзара байланыс бір-бірінің алдында белгілі бір құқықтар мен міндеттердің болуын талап етеді. Мемлекет өзінің азаматтарына ерекше құқықтарды беруі мүмкін, мысалы: дауыс беру және сайлану құқығына ие болу, мемлекеттік лауазымдарды иелену және т.б. Сондықтан, сізге қандай да бір себептермен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу қажет болған жағдайда, қандай тәртіпте азаматтықты алуға болатынын білу үшін осы бапты оқыңыз.


Азаматтыққа қабылдау мүмкіндігін анықтау

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін тұлғалардың келесі санаттарының біріне жату не жатпауыңызды анықтау қажет:

  1. сіз кем дегенде 5 жыл Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адам болып табыласыз ба (азаматтыққа қабылдау туралы өтінішті берген сәтте Қазақстан Республикасында бесжылдық тұру мерзімі үздіксіз болуы тиіс). Кәмелет жасқа толмағандар, еңбек ету қабілеті жоқ және Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңірген немесе мамандыққа ие және Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тізбесінің талаптарына жауап беретін адамдар және отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауда бұл талаптардың сақталуы талап етілмейді;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау кезінде сіз Қазақстан Республикасының азаматымен кем дегенде 3 жыл некеде тұрасыз;
  3. сіз Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген және Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туыстары бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматы (-ша) болып табыласыз. Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне қарамастан жақын туыстарға: әкесі, шешесі, туған ағалары, әпкелері, күйеуі, әйелі, балалары, әжесі, атасы жатады.

Сіз, сондай-ақ азаматтыққа қабылдаудан бас тартудың негіз болатын себертердің бар екендігін білуіңіз қажет. Қазақстандық азаматтыққа қабылдау туралы өтініш қабылданбайды, егер:

  1. өтініш беруші халықаралық құқықта көзделген, адамзатқа қарсы қылмыс жасаса, саналы турде Қазақстан Республикасының егемендігіне және тәуелсіздігіне қарсы шықса;
  2. Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
  3. мемлекеттік қауіпсіздікке, халық денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қайшы қызметті жүзеге асырса;
  4. мемлекетаралық, ұлтаралық және діни алауыздықтарды өштестіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің жұмыс істеуіне қарсы әрекет жасаса;
  5. террористік қылмыс үшін сотталған;
  6. сот аса қауіпті деп таныған қылмыскер болса;
  7. басқа мемлекеттің азаматы. Бұл қағида Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туыстары бар, Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұру мақсатымен келген бұрынғы одақтас мемлекеттердің азаматтарына шетел азаматтығынан бас тарту туралы жазбаша өтінішпен ішкі істер органдарына жүгінген жағдайда таралмайды;
  8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініште өзі туралы жалған мәліметтерді хабарлаған болса немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мерзімде қажетті құжаттарды дәлелсіз себертермен ұсынбаған болса;
  9. Қазақстан Республикасының аумағында қасақана қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар болса;
  10. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіруге дейінгі 5 жыл ішінде экономика және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасының халық көші-қоны саласында құқықбұзушылық жасаған болса;
  11. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделмеген жағдайларды қоспағанда әскери қызмет, қауіпсіздік қызмет, полиция, әділет органдары немесе өзге де мемлекеттік билік органдарына және басқа мемлекеттің басқармасына кіруіне байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіруге дейінгі 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
  12. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіруге дейінгі 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алуда жалған мәліметтер немесе жалған құжаттарды ұсыну нәтижесінде азаматтығынан айырылған;
  13. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішті білдіруге дейінгі 5 жыл ішінде басқа мемлекеттің азаматтығын алған.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың тәсілдері

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жинауға қажетті құжаттар тізбесірәсімнің қандай тәртіпте жүзеге асырылытанына байланысты. Қазақстан Республикасында азаматтық алудың жеңілдетілген және жалпыға белгіленген тәртіптері бар.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алу:

  1. Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасының азаматтары үшін;
  2. қазақстандықпен некеде тұрған шетел азаматы (-ша) және олардың балалары үшін;
  3. тұру мерзіміне қарамастан заң негізінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар үшін;
  4. жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ тұру мерзіміне қарамастан заңды негізде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын олардың еркінсіз азаматтығынан айырған немесе азаматтығының күші жойылған ұрпақтары үшін;
  5. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан этностық қазақтар үшін.

Жалпыға белгіленген нмесе жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан азаматтығын алу үшін сізге Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы арыз-өтінішіңізбен тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. ДВД көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне баруыңыз қажет. Өтінішке азаматтықты алу тәсіліне қарамастан келесі құжаттарды ұсыну керек.


Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасының азаматтары үшін құжаттар тізімі
  1. Белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш.
  2. 3,5 х 4,5 см көлеміндегі төрт фотосурет.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау туралы міндеттер, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау, оның аумақтық тұтастығын, салттарына, дәстүрлеріне, мемлекеттік тіліне және оның аумағында тұрып жатқан барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарау.
  4. Жеке басын куәландыратын және келісімге қатысушы елдердің азаматтығына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.
  5. Сәйкес мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекет азаматтығынан нақты шыққаны немесе күшінің жойылғанын растайтын анықтама.
  6. Туу туралы және неке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  7. Бастапқы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш.
  8. Мемлекеттік баж төлемі туралы немесе оны төлеуден босату туралы құжат.
  9. Қажет болған жағдайда жеңілдетілген тәртіпте азаматтықты алу үшін қажетті талаптардың бірін қамтитындығын растайтын қосымша құжат ұсынылады. туу туралы куәліктің, төлқұжат, басқа да Қазақстан Республикасының аумағында туғандығын растайтын құжаттың көшірмелері, келісімге қатысушы елдердің аумағында 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейін тұрған жері бойынша тіркелгендігі туралы таңбасы бар төлқұжат бетінің көшірмесі немесе осы туралы құзыретті органның анықтамасы, неке туралы, туу туралы куәлік көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматымен туыстық байланысын растайтын өзге құжат.

Қазақстандықпен некеде тұрған шетел мемлекетінің азаматтары үшін құжаттар тізімі
  1. Бастапқы азаматтықтан бас тартқандығы жөнінде нотариалды куәландырылған өтініш.
  2. Бекітілген нысандағы өтініш-сауалнама.
  3. 3,5 х 4,5 см көлеміндегі төрт фотосурет.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау туралы міндеттер, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау, оның аумақтық тұтастығын, салттарына, дәстүрлеріне, мемлекеттік тіліне және оның аумағында тұрып жатқан барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарау, Қазақстан Республикасының қуатынтылығын, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жағдай жасау.
  5. Жеке куәлік және шетел мемлекетінің азаматтығына жататындығын растайтын құжат көшірмесі.
  6. Неке туралы куәлік көшірмесі.
  7. Қазақстан Республикасының азаматы - күйеуінің (әйелі) жеке куәлік көшірмесі.
  8. мемлекеттік баждың 1 АЕК көлеміндегі төлемі туралы құжат немесе оны төлеуден босату.

Қазақстанда тұрақты тұратын оралмандар, саяси құғын-сүргіннің ақталған құрбандары және олардың ұрпақтары, сондай-ақ этностық қазақтар, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы білім алушылар үшін құжаттар тізімі
  1. Бастапқы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш.
  2. Бекітілген нысандағы өтініш-сауалнама.
  3. 3,5 x 4,5 см көлеміндегі төрт фотосурет.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау туралы міндеттер, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау, оның аумақтық тұтастығын, салттарына, дәстүрлеріне, мемлекеттік тіліне және оның аумағында тұрып жатқан барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарау, Қазақстан Республикасының қуатынтылығын, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жағдай жасау.
  5. Жеке куәлік және басқа мемлекетке жататындығын растайтын құжат көшірмесі.
  6. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандарға - оралман куәлігі.
  7. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан этностық қазақтарға - жоғарғы оқу орнынан, осы орында нақты білім алып жатқандығын растайтын анықтаманы.
  8. Ұлтын растау туралы анықтама.
  9. Мемлекеттік баж төлемі туралы құжат немесе оны төлеуден босату.
  10. Саяси қуғын-сүргін құрбандары болып табылатын адамдарға-ақталғандығы туралы сот шешімі немесе олар саяси қуғын-сүргін құрбандырының ұрпақтары екндігін растайтын құжаттар.

Салық кодексінің 542 бабына сәйкес мемлекеттік баж төлемінен - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариалды әрекеттер бойынша оралмандар босатылады. Көрсетілген мемлекеттік баж төлемінен босату бір рет ұсынылады.


Балаларға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру

Балалар Қазақстан Республикасының азаматтығын:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында туылған болса;
  2. Қазақстан аумағынан тыс, егер ата-аналарының бірі бала туылған уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығында болған болса (жазбаша түрде ата-анасысының келісуімен шешіледі);
  3. 14 жасқа дейінгі балаға (туылған жеріне қарамастан) әкелік құжатынбелгілегенге кезде, егер анасы Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы болып танылған жағдайда азаматтық беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жалпыға белгіленген тәртібі

Егер сіздің жағдайыңыз жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмесе, онда сіз Қазақстан Республикасының азаматтығын жалпыға белгіленген тіртіпте ала аласыз.

Жалпыға белгіленген тәртіпте Қазақстан азаматтығын алу үшін, сізге тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. ІІД көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөліміне Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтінішпен баруыңыз қажет.

Ол үшін сіз:

  1. өтініш-сауалнамада Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың себептерін көрсетуіңіз қажет;
  2. өтінішпен бірге келесі құжаттарды қоса ұсыну:
  • бекітілген нысандағы өтініш-сауалнама;
  • өмірбаяны;
  • 3,5 х 4,5 см көлеміндегі төрт фотосурет;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау туралы міндеттер, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау, оның аумақтық тұтастығын, салттарына, дәстүрлеріне, мемлекеттік тіліне және оның аумағында тұрып жатқан барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарау, Қазақстан Республикасының қуатынтылығын, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жағдай жасау;
  • өз елінің құзыретті органы берген сотталғандығы не сотталмағандығы туралы анықтама;
  • туу туралы куәлі және өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматы болғандығын куәландыратын құжат (азаматтықты қалпына келтіру туралы өтінішке қоса тіркеледі);
  • сәйкес мемлекеттің құзыретті органымен берілген басқа мемлекет азаматтығының жоқтығы немесе күшінің жойылғандығы туралы анықтама;
  • 1 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлемі туралы құжат немесе төлемнен босату;
  • кәсібимемлекеттік органның өтініші (мамандық тізбесініңталаптарына жауап беретін адамдар үшін және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауда жәңілдетілген тәртіп белгіленген);
  • оралман куәлігі және бастапқы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш (тарихи отанына Қазақстан Республикасына қайта оралған адамдар үшін);
  • туу туралы, неке туралы куәлік (Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жақын туыстары бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары ұсынады: баласы (оның ішінде асырап алынған), күйеуі (әйелі), ата-анасының бірі (асырап алушылар), әпкесі, ағасы, атасы немесе әжесі, олардың Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтарынмен туыстық қатынасын куәландыратын құжат;
  • жоғарғы оқу орнынан осы орыда білім алып жатқандығын растайтын анықтама және ұлтын растайтын құжат (жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан этностық қазақтар ұсынады).

Қорытынды

Азаматтыққа қабылдау туралы материал Алматы қ. ІІД көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөлімі Алматық қ. Ішкі істер департаментіне, одан кейін ҚР Ішкі устер министрлігіне жібереді, қорытындысы шығарылған материал Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне түседі.

Қызмет көрсету мерзімі: 6 ай. Жеңілдетілген тәртіпте – 3 ай.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту.

Бұл анықтама Қазақстан Республикасының азаматының (-шасының) жеке куәлігін және төлқұжатын алу үшін негіз болып табылады.