Мен банкте шот ашқым келеді

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 20: 47» Мақала авторы: Администратор Сайта

Бүкіл әлем бойынша қолма-қол ақша айналымы таяу арада құрдымға кетеді және барлық қаржылық операциялар қолма-қол ақшасыз әдіспен жүзеге асырылатын болады, ал бұл – банк шотын ашпасаңыз іс тынбайды дегенді білдіреді. Бұны қалай оңай әрі жылдам жасауға болатынын біздің мақаламыздан оқыңыз.


Банкте жеке шотты қалау ашуға болады?

Алдымен шоттың сізге қандай мақсатқа қажет екенін анықтап алуға кеңес береміз. Жеке тұлға ретінде сіз Ұлттық банктен басқа Қазақстан Республикасының кез-келген банктерінде шексіз көлемде шоттар аша аласыз.

Сіз келесілерді аша аласыз:

  1. ағымдағы шоттар – әдетте ақша сақтау және аудару үшін, сондай-ақ карта операцияларын жасау үшін пайдаланылады;
  2. жинақ ақша шоттары – ақша сақталатын депозиттер, оларға пайыздар есептеледі.

Шоттарды теңгемен де, шетел валютасымен де ашуға және жүргізуге болады.

Шот ашқан кезде банк жеке сәйкестендірме кодын (ЖСК) береді, ол банк клиентінің банк шотындағы 20 таңбалы нөмір болып табылады.


Шот ашу үшін қандай құжаттар қажет?

ҚР резиденттері жеке басын куәландыратын құжатын ұсынса жеткілікті болады. Бейрезиденттер сондай-ақ бейрезиденттің салық төлеуші ретінде тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесін ұсынуы тиіс. Аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін банк менеджері Шарт рәсімдейді және онда ақшаны сақтаудың, қайтарудың барлық шарттары, банк комиссияларының мөлшері, шартты тоқтату және бұзу тәртібі сипатталуы тиіс. Шартқа қол қоймастан бұрын барлық шарттарымен мұқият танысып шығыңыз.


Мемлекеттік жәрдемақы алуға арналған шот

Мұндай жағдайда жеке куәлігімен қатар банкке ағымдағы шоттың тағайындалуы ретінде – жеке тұлғаға Мемлекеттік әлуеметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің/мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылардың есептелуін көрсете отырып, банкке өтініш беру қажет.


Басқа адамның атына шотты қалай ашуға болады?

Жеке тұлғаның банкке ұсынатын құжаттарының тізімі:

  1. шотты ашу және (немесе) оған иелік ету құқығын беретін нотариалдық жолмен куәландырылған сенімхат (клиенттің ата-анасының және заңды өкілдерінің – қамқоршыларының, жанашырларының, патронажды тәрбиешілерінің ұсынуы талап етілмейді);
  2. туу туралы куәлік (кәмелет жасқа толмаған, он алты жасқа дейінгі тұлға-клиенттер үшін);
  3. салымшының жеке басын куәландыратын құжат.