Кредит қалай алуға болады?

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 15: 44»

Белгілі бір затты сатып алуға ақша жетіспейтін жағдайлар аса жиі кездесіп жатады, сонда біз кредит беретін банктерідң қызметіне жүгінеміз.


Кредит дегеніміз не?

Кредит дегеніміз – ақшаны уақытша қарызға беру, мұнда қарыз алушы сол ақшаны бірте-бірте кері қайтаруы тиіс. Адам ақшаны кредитке алған кезде, ол өз қарызын ай сайын төлеуге міндеттенеді. Төлем сомалары шартта келісіледі және аталған соманы сіз белгілі бір банктің жұмыскерімен тұрған жеріңізде есептеп шығара аласыз.

Кредит бойынша төлем сомасына кіретін белгілі бір пайыздың болуы тұспалданатынына дайын болу керек. Жиі жағдайларда пайыз сіздің кредитті қаншалықты ұзақ уақытқа алғаныңызға байланысты болады, кредиттің сомасы неғұрлым көп болса, кредит бойынша төлем жасау мерзімі де соғұрлым ұзақ болады, оның пайызы көбірек болады және оның пайызы бастапқыда алынған соманың шамамен жартысын құрауы мүмкін!

Кез-келген кредит кепілге зат қоюсыз өте қоймайды. Әдетте бұл – сіздің автокөлігіңіз немесе пәтеріңіз (ипотекалық кредит болған жағдайда) Қарыз алушы банктен жасырынатын немесе белгілі соманы уақытылы төлей алмайтын жағдайлар болып жатады.

Бұл – істің сотта талқылануына апарып соқтырады және қарыз алушы бұрын кепілге қойған затынан айырылуы мүмкін. Іс жүзінде мұндай жағдайлар сирек кездесіп жатады, бірақ әйткенмен де олардан сақтанған жөн.


Банктер қандай кредиттер береді?

Тағайындалуы бойынша:

  1. тұтынушылық – қарыз алушының қажеттіліктеріне (жеке мақсаттарына) арналған кредит, бірақ кәсіпкерлік қызметті қоспағанда;
  2. өнеркәсіптік – өнеркәсіптік кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қарыздардың берілуін тұспалдайтын кредит. Әдетте, мұндай кредиттер қарыз алушыларға аса жоғары сомалардың ұсынылуын тұспалдайды. Бұл ретте өнеркәсіптік қарыздар әдетте ерекше және едәуір жұмсақ шарттармен беріледі;
  3. саудалық – тауарларды кейіннен сату үшін кредитке алу, таяу келешекте оның құны мен пайыздарының төленуімен; көтерме  және бөлшек саудада кеңінен пайдаланылатын қысқа мрезімді қарыздардың кеңінен тараған нысаны;
  4. ауыл шаруашылық –  ауыл шаруашылығын дамытуға арналған кредит;
  5. инвестициялық – заңды тұлғаларға бизнес-жобаларды қаржыландыруға берілетін кредит түрі;
  6. бюджеттік (пайыздық және пайызсыз) – тиісті бюджеттермен қарастырылған лимиттер шегінде және шарттармен мемлекеттік немесе муниципалдық унитарлық кәсіпорындарға ұсынылады;
  7. ипотекалық – тұрғын үй сатып алуға арналған кредит;
  8. автомобильдік;
  9. кредиттік карта – операциялар жасауға арналған банктік төлем картасы, ол бойынша есеп айырысулар кредиттік шарт талаптарына сәйкес белгіленген лимиттер шегінде банктің клиентке ұсынған қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

Төлеу мерзімдері бойынша:

  1. қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
  2. ұзақ мерзімді (1 жылдан артық).

Қамтамасыз ету түрлері бойынша:

  1. кепілзаттық;
  2. кепілзатсыз.

Алматы қ. банктері кредиттік ұсыныстардың едәуір кең ауқымын ұсынады.  


Тұтынушылық кредиттеу

Тұтынушылық кредит – банк беретін кредиттің аса кеңінен тараған түрі. Ол бойынша қарыз сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейін жетуі мүмкін. Жиі жағдайларда адамдар қарыз ақшаны банктен аз уақытқа және үлкен пайызбен алады, мысалы, ақшаны шетелдегі демалысқа жұмсау үшін. Мұндай кредит мақсаттық деп аталады. Алматы қ. банктері әдетте клиенттерге бұрын әзірленген мақсаттық кредиттер ұсынады, мысалы, «Білім алуға», «Үй жөндеуге», «Тауарлық кредит». Тұтынушылық кредиттеу ұсынысына кейбір банктер автокредиттеуді енгізеді.

Ақшалай кредит алу үшін сіз банкке жүгінуіңіз қажет.

Сізге кредитті рәсімдеуге банк менеджері көмектеседі. Сіз ала алатын кредит сомасы сіздің табысыңызға және қарызды өтеу бойынша ай сайынғы төлемдер сомасына байланысты болады.

Кредитті рәсімдеу үшін банкке жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып, банкпен шарт жасау қажет. Әдетте шартта кредитті төлеу кестесі, қарызгердің банкке төлейтін пайыздары, комиссиялар, мерзімінен бұрын өтеу шарттары, сондай-ақ міндеттемелерді орындамағаны үшін немесе толық көлемде орындамағаны үшін айыппұлдар туралы ақпарат болады.

Тауарды кредитке алу үшін, сіз өзіңізді қызықтыратын тауар сатылатын дүкенге жүгінуіңіз қажет.

Сізге дүкенде кредитті рәсімдеуге кредиттік менеджер жәрдемдеседі.

Тауарға арналған кредитті рәсімдеу үшін сіз кредиттік менеджерге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды ұсынуыңыз қажет. Одан кейін ол тауарлық кредитті рәсімдеуге арналған өтінім жасайды, мұндай өтінімді банк әдетте жарты сағаттан аспайтын уақытта қарайды. Аталған уақыттың ішінде банк сіздің төлем қабілеттілігіңізге, сондай-ақ басқа кредиттер бойынша қарыздарыңыз жоқ екеніне көз жеткізуі тиіс. Өтінім мақұлданған жағдайда сіз кредит беруді қарау үшін жүгінген күні тауарды сатып ала аласыз.


Ипотекалық кредиттеу

Ипотекалық кредит дегеніміз – банктің сізге кепілзат қойылуымен жылжымайтын мүлік сатып алуға ақшалай қаражат ұсынуы. Мысалы, сіз банк берген ақшаға пәтер сатып аласыз. Бұл – сіздің меншігіңіз, сіз онда тіркелгенсіз, барлық құжаттар сіздің атыңызға рәсімделген, бірақ сіз оны (пәтерді) сата алмайсыз немесе ауыстыра алмайсыз. Сіз қарызды төлеу есебіне ай сайын белгілі соманы төлейсіз. Кредиттеу мерзімі 20 жылға дейін жетуі мүмкін.


Автокредиттеу

Автокредиттеу дегеніміз – 30 000 000 теңгеге дейінгі сомаға және 7 жылға дейінгі мерзімге автокөлік сатып алу. Мұндай кредит жағдайында пайыздық мөлшерлеме 4%-дан 27%-ға дейінгі көлемді құрауы мүмкін.

Жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасы

Қазіргі уақытта Қазақстанда бастапқы жарнасы автомобиль құнының 20%-ынан аспайтын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы қолданыста жүр. Жеңілдікпен автокредиттеуге Қазақстан Республикасында құрастырылған, құны 9 млн. теңгеден аспайтын автокөліктер жатады. Бұл ретте кредит бойынша тиімді жылдық мөлшерлеме (автокөлікті кепілге рәсімдеу мен сақтандыру бойынша шығындарды қамтитын) жылдық 7,5% мөлшерлемеден аспауы тиіс.


Кредиттік карта

Кредиттік карта дегеніміз – банк ақшалай қаражат салатын банкілік төлем картасы. Кредиттік карта рәсімдеген банк клиенті белгіленген лимит шеңберінде картадағы ақшаны пайдалана алады. Кредиттік карталар бойынша қызметтерді ұсыну лимиті мен шарттары әр банкте әр-түрлі болуы мүмкін. Әдетте бастапқы уақытта картаны пайдаланушы кредиттік қаражатты тегін пайдалана алады, егер келісілген мерзімде берешекті толығымен төлеуге үлгеретін болса.

Кредиттік картаны алуға арналған өтінімдерді рәсімдеудің бірнеше әдісі бар:

1. Онлайн

Кредиттік картаны рәсімдеу үшін сіз келесілерді көрсете отырып банк сайтында өтінімді толтыруыңыз қажет:

  • Т.А.Ә.;
  • ЖСН;
  • байланысу деректері.

Банктің шешімі туралы жауап сізге смс-хабарлама, телефон қоңырауы немесе электрондық хат түрінде келіп түседі. Оң шешім қабылданған жағдайда кредиттік карта сізге шабарман арқылы жеткізіледі немесе оны алу үшін жақын жерде орналасқан банк бөлімшесіне жүгінуге кеңес беріледі.

2. Банкте

Банкте кредиттік карта рәсімдеу үшін сіз банкке бірнеше рет баруыңыз қажет: өтінім толтыру үшін, құжаттар тапсыру үшін және картаны алу үшін.

Банкте кредиттік картаны рәсімдеуге арналған құжаттардың жалпы тізімі (жекелеген банк талаптарына қарай өзгеруі мүмкін):

  • сауалнама-өтініш;
  • жеке куәлік/төлқұжат/ықтияр хат;
  • кредиттік бюродан кредиттік есептің берілуіне клиенттің келісімінің түпнұсқасы;
  • кредиттік бюрода өзі туралы ақпараттың ұсынылуына клиенттің келісімінің түпнұсқасы;
  • БЖЗҚ-ның банкке ақпарат ұсынуына келісімнің түпнұсқасы;
  • карталық шот бойынша үзінді көшірме/жалақы туралы анықтама/соңғы 6 айдың ішіндегі қарызгердің табысын көрсететін және растайтын өзге құжаттар.