Менің көлігімді айдап әкетті!

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 17: 42»

Көп адамдар көлігінің айдап әкету мәселесімен кездеседі, алайда осы жағдайда өзін қалай ұстау қеректігін бәрі біле қоймайды. Не қылу қажет? Қалай табамыз? Қайда барамыз? Кімге хабарлаймыз?
Бірінші кезекте көліктің мүмкін эвакуациясы факторын алып тастау қажет. Сіздің сіздің келісіміңізсіз автокөлік көшірілуі дұрыс емес жерде қою себебінен жасалуы мүмкін («тұруға/тоқтауға тыйым салынған» белгісі астында), бұл жағдайда сіздің автокөлігіңіз айып тұрағына әкелінеді.

 

Не жасау қажет?

+7 727 261 0606 нөмірі арқылы Алматы қаласы Ішкі істер Департаментіне қоңырау шалып, көлігіңіздің айып тұрағында бар-жоқтығы туралы біліп алуыңыз жөн. Тек көліктің іс жүзінде айдап әкетілуіне сенімді болғаннан соң 102 нөміріне қоңырау шалып кезекшіге көліктің сіз қалдырған жерде жоқтығы туралы хабарлау қажет. Осыны жылдам жасағаныңыз жөн: қылмыскерлердің сіздің көлігіңізбен адамды басып кету немесе тонаудан кейін жасырыну мүмкіндігі бар.

Полиция қызметкерлерін күткен кезде көліктің болған жерінің жақын айналасын аралап шығыңыз. Көліктің жоғалуына дейін тұрған жерінің жақынында дәмханалар, мейрамханалар, бутиктер, банктер немесе басқа осыған ұқсас мекемелер орналасса, оларда бейнебақылау жүйелерінің бар болуы және олардың сізге қажетті орынға көзі жетуі туралы сұрауыңыз жөн. Бейнежазба полиция қызметкерлеріне талабы бойынша беріле алады.

Осымен қатар, сақтандыру компаниясына қоңырау шалып, автокөліктің айдап әкетілуі туралы хабарлау қажет. Автокөліктің айдап әкетілуі туралы полицияға ресми арызыңыз сақтандыру компаниясының сіздің жағдайыңызды сақтандыру жағдайы ретінде қарастырып, сақтандыру төлемін жасай алуына негіздеме болады. Арызда байланыс ақпаратын (тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, мекенжайыңыз), ұрлап әкетілген машинаның тіркеу нөмірін, маркасын және түсін белгілеуге ұмытпаңыз. Осымен қатар, соңғы күндердің жай-жапсарын және автокөліктің ерекше белгілерін есіңізге түсіріңіз:

  1. сіз көлікті қашан, қайда және кімнен сатып алдыңыз;
  2. сізден басқа көлікті айдау құқығы кімде болған, әғни басқа адамға сенімхатт рәсімделген болған ба, кілт көшірмелері кімде болған;
  3. жоғалу кезіндегі автокөліктің жүрісі мен бактағы жанармай мөлшері;
  4. сіз әлдеқашан көлік құжаттарын жоғалттыңыз ба;
  5. қандай сигнализация орнатылған;
  6. негізгі бөлшектер мен агрегаттардағы белгілер (бар болса): олар қашан және қайда қойылды.

Сонымен қатар, көліктің ерекше белгілеріне дыбыс магнитоласының маркасы мен моделі (дыбыс динамиктері, күшейткіштері), аэрография суреттері (бар болса), сызаттар және шанақтың басқа зақымданулары, оны жөндеу іздері (бояу, майысуларды қалпына келтіру) жатады. Одан басқа, салонда немесе жүксалғышта қандай заттар болғанын еске түсіру маңызды (құжаттар, журналдар, сувенирлер, брелоктар, құралдар, сағат, киімдер). Іздестірудің жақсы тірегі ретінде сіздің автокөлігіңіздің фотобейнелері бола алады.

Автокөліктің ұрлап әкетілуі бойынша полицияға жүгіну факті (қылмыстық істің қозғалуы) туралы анықтамамен сіздің көлігіңіздің сақтандырылған сақтандыру компаниясына аттаныңыз: сақтандырушыға ұрлап әкету факті туралы дұрыс (жазбаша) түрде хабарлау қажет. Бұл үшін тек 2 күн беріледі. Егер іздестірудің нәтижесі болмаса, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарылады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес). Тек осыдан кейін істі тоқтату туралы шешім негізінде сақтандыру төлемі жасалады.