Денсаулығын жоғалтқан және мүгедектік орын алған жағдайдағы жеңілдіктер
Мүгедектікке әкелген жарақатпен байланысты өтемақы алу
Әскери қызметті өткеру кезеңінде келісімшарт бойынша қызметін атқарып жүрген әскери қызметкерге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшін, Алматы қ. Қорғаныс істері жөніндегі аудандық Басқармасына немесе қызмет еткен жері бойынша жауапты құрылымдық бөлімшеге жүгіну қажет.
Талап етілетін құжаттар тізімі:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- мүгедектік туралы анықтаманың нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі;
- әскери қызметін өткеру кезеңінде алынған жарақаттың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның), аурудың нәтижесінде мүгедектіктің орын алуын растайтын әскери-дәрігерлік комиссия тұжырымының (қаулысының) нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі.
Қызмет көрсету мерзімі: 2 ай.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: әскери қызметкерлерге, әскери міндеттілерге немесе алу құқығын иемденетін тұлғаларға өтемақы төлеу.
Келісімшарт бойынша әскери қызметкерлерге
Әскери қызметін өткеру кезінде мүгедектік орын алған жағдайда немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған жағдайда біржолғы өтемақы төленеді:
- I топтағы мүгедекке 30 айлық ақшалай үлес;
- II топтағы мүгедекке 18 айлық ақшалай үлес;
- III топтағы мүгедекке 6 айлық ақшалай үлес.
Мүгедектік бойынша жәрдемақыны қалай алуға болатынын мұнда біле аласыз.
Әскери оқу орындарының курсанттарына
Жарақат алған жағдайда мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерге, шәкіртақы алатын әскери оқу орындарының (әскери факультеттердегі) курсанттарына, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге біржолғы өтемақылар төленеді:
- I топтағы мүгедекке – 250 айлық есептік көрсеткіш;
- II топтағы мүгедекке – 150 айлық есептік көрсеткіш;
- III топтағы мүгедекке – 50 айлық есептік көрсеткіш;
- ауыр жарақат үшін – 12 айлық есептік көрсеткіш;
- жеңіл жарақат үшін – 4 айлық есептік көрсеткіш.
Мүгедектікке әкелмеген жарақатпен байланысты өтемақы алу
Әскери қызмет ету міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкелмеген жарақат (жаралану, жарақаттану, контузия) алған жағдайда, бір жарым айлық ақшалай үлес төленеді. Жеңіл жарақат алған жағдайда – айлық ақшалай үлестің жартысы төленеді.
Өтемақы алу үшін Алматы қ. Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына немесе қызмет еткен жері бойынша жауапты құрылымдық бөлімшеге жүгінуіңіз қажет.
Талап етілетін құжаттар тізімі:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- алынған (ауыр немесе жеңіл) жарақаттың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның) ауырлық деңгейі туралы әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасы;
- әскери қызмет міндеттерін орындау (әскери жиындардан өту) барысында жарақат (жаралану, жарақаттану, контузия) алуды тергеу материалы;
- келісімшарт бойынша әскери қызметкерлерге – әскери қызметкер ақшалай үлесте тұрған республикалық мемлекеттік мекемеден немесе әскери бөлімшеден уақиға орын алған сәттегі ақшалай үлесінің мөлшері туралы анықтама. Анықтаманың үлгісімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Қызмет көрсету мерзімі: 2 ай.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: әскери қызметкерлерге, әскери міндеттілерге немесе алу құқығын иемденетін тұлғаларға өтемақы төлеу.
Әскери қызметтен босатылғаннан кейін мүгедектіктің орын алуы
Өтемақы алу үшін келісімшарт бойынша және мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерге (стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери факультеттердегі) курсанттарына), әскери қызмет міндеттерін атқарудың нәтижесінде алынған жарақаттың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның), аурудың нәтижесінде мүгедектік орын алған жағдайда, әскери қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін Алматы қ. Қорғаныс істері жөніндегі аудандық Басқармасына немесе қызмет еткен жері бойынша жауапты құрылымдық бөлімшеге жүгіну қажет.
Талап етілетін құжаттар тізімі:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- мүгедектік туралы анықтаманың нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі;
- әскери қызметін атқару кезеңінде алынған жарақаттың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның), аурудың нәтижесінде мүгедектің орын алуын растайтын әскери-дәрігерлік комиссия тұжырымының (қаулысының) нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі.
Қызмет көрсету мерзімі: 2 ай.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: әскери қызметкерлерге, әскери міндеттілерге немесе алу құқығын иемденетін тұлғаларға өтемақы төлеу.
Әскери қызметкердің немесе әскери міндеттінің қаза табуымен байланысты өтемақыны алу
Жарақаттың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның), аурудың нәтижесінде әскери қызметкер немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда отбасы мүшелері өтемақы алу құқығын иемденеді:
- әскери қызметін өткеру кезеңінде;
- әскери жиындардан өту кезеңінде;
- әскери қызметтен босатылғаннан кейін;
- әскери жиындар аяқталғаннан кейін.
Әскери қызметкердің немесе әскери міндеттінің қаза табуымен байланысты өтемақы алу үшін Алматы қ. Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына немесе қызмет еткен жері бойынша жауапты құрылымдық бөлімшеге жүгіну керек:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- өлім туралы куәліктің нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте берілген, мұраға арналған құқық туралы куәлік;
- өтемақы алу құқығын иемденетін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- әскери қызметкер немесе әскери міндетті ақшалай үлесте тұрған республикалық мемлекеттік мекемеден немесе әскери бөлімшеден қаза тапқан (қайтыс болған) адамның уақиға орын алған сәттегі ақшалай үлесінің мөлшері туралы анықтама, осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
- әскери қызметкерді, әскери міндеттіні бөлімшенің тізімдерінен шығарып тастау туралы әскери бөлімше командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзінді көшірме;
- әскери қызмет міндеттерін орындаумен атқарумен байланысты әскери қыметкердің немесе әскери міндеттінің қаза болуын (қайтыс болуын) тергеу материалдары;
- әскери қызметтен босатылғаннан кейін, әскери жиындар аяқталғаннан кейін қайтыс болған тұлғаларға қатысты әскери-дәрігерлік комиссияның тұжырымы (қаулысы).
Қызмет көрсету мерзімі: барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап 2 ай.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: әскери қызметкерлерге, әскери міндеттілерге немесе алу құқығын иемденетін тұлғаларға өтемақы төлеу.
Әскери қызметкерлердің, соның ішінде қызметін өткеру кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметкерлердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезексіз орын ұсынылады.
Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызметін өткеру кезінде хабарсыз кеткен әскери қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттар мен «Жас Ұлан» Республикалық мектебіне (мектепке сілтеме) конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады.