Жауынгерлік жиындар

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 20: 30»
Жауынгерлік жиындарға шақыру

Жауынгерлік жиындар – әскери міндеттілердің әскери даярлығы, әскери білім алуы және оны жетілдіруі үшін әскери басқару органдарымен жүргізілетін іс-шара. Жауынгерлік жиындар кезінде әскери міндеттілерді  әскери бөлімдерге шақыру жүзеге асырылады.

Запасқа шығарылған азаматтар әскери жиындарға көп дегенде 5 жылда бір рет шақырылуы мүмкін.

Алматы қ. Қорғаныс істері жөніндегі департамент ұзақтығы бір айдан аспауы тиіс болатын оқу жиындарынан өту үшін запаста тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды әскери міндеттілерді шақыруға міндетті, ал әскери міндеттілердің жиындардан өтуден бас тартуға құқығы жоқ. Жауынгерлік жиындар кезеңінде әскери бөлімге дейін және кері жол жүру уақытын қоса алғанда, әскери міндеттілердің жұмыс орны және лауазымы сақталады, республикалық бюджет есебінен орташа жалақысы төленеді.

Сонымен қатар, жауынгерлік жиындардан жалтарғаны үшін, сондай-ақ жауынгерлік жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы құқық бұзушылық жасағаны үшін 5 АЕК мөлшерінде (2017 жылға - 11 345 теңге) әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарсатырылған.

Жиындар әскери-үйретілген резерв құрамын толықтыру және Қарулы Күштердің, Қазақстанның басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын арттыру мақсатында жиі өткізіліп тұрады. Әскери қызметкерлердің басшылығымен cіз секілді әскери міндеттілер жауынгерлік дайындық  және  әскери істер негіздерін үйреніп, жекелеген әскери мамандықтарды, қару-жарақты және техниканы меңгеруі тиіс. Аяқталғаннан кейін жиынның оқу бағдарламасын меңгергендігін және соғыс уақытында cізді тағайындауы мүмкін әскери-есептік мамандықтар мен лауазымдарға сәйкестікті растау үшін емтихандар мен сынақтарды тапсыру көзделген. Әскери-үйретілген резерв бағдарламасын ойдағыдай тәсамдаған тұлғаларға кезекті әскери атақ беріледі.


Запасқа қою

Запасқа қою – жауынгерлік жиындардан өтуді, әскери қызметке шақыру ережелерін  орындауды және әскери есепке алу жөніндегі міндеттерін сақтауды білдіреді.

Заң бойынша азамат келесілердің нәтижесінде запасқа қабылдана алады:

  1. запасқа қойыла отырып, әскери қызметтен босату;
  2. әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызметтен өтпеу;
  3. жиырма жеті жасқа жетуімен әскерге шақыруды кейінге қалдыруға байланысты әскери қызметтен өтпеу;
  4. жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өту.

Жауынгерлік жиындардың мақсаты

Жауынгерлік жиындардың негізгі мақсаты келесілер болып табылады:

  1. қысқартылған санымен бейбіт уақытта ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын арттыру;
  2. дасақтау аудандарында соғыс уақытында жұмылдыру және жасақтау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын өрістету үшін қажетті әскери-үйретілген ресурстарды даярлау және запаста жинақтау.

Әскери міндеттілерді даярлаудың сипаты мен мақсаттары бойынша жауынгерлік жиындар келесідей болып бөлінеді:

  1. оқыту жиындары;
  2. арнайы жиындар;
  3. тексеру жиындары.

Жауынгерлік оқыту жиындары

Тіркелген құрамның оқыту жиындарында келесілер жүргізіледі:

  1. жұмылдыру бағыттарына сәйкес міндеттерді шешу үшін запастағы офицерлер, сержанттар және сарбаздар даярлау;
  2. соғыс кезіндегі штаттар мен ұйымдарға жақындастырылған жағдайларда топтарды, бөлімшелерді, бөлімдерді және құрамаларды жауынгерлік шоғырландыру;
  3. жұмылдыру жоспарларымен қарастырылған жекелеген іс-шараларды тексеру.

Даярлау, қайта даярлау және әскери міндеттілердің әскери білімін жетілдіру бойынша оқу-жаттығу жиындарында келесілер жүргізіледі:

  1. запастағы офицерлерді жоғары лауазымдарға даярлау;
  2. запастағы сержанттар және сарбаздар қатарынан запастағы офицерлерді даярлау;
  3. әскери білімді жетілдіру және қару-жарақ пен техниканың жаңа түрлерімен әскери міндеттілерді, сондай-ақ жұмылдыру жоспары бойынша Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті басқа да мамандарды даярлау.

Ұсталмайтын қор және ұзақ уақыт сақтау қорының қару-жарағына техникасына және мүлкіне қызмет көрсету бойынша  оқу-жаттығу жиындарында келесілер өткізіледі:

  1. әскери міндеттілермен қызмет көрсетілетін техниканы зерттеу;
  2. техника пайдалану және жауынгерлік қолдану бойынша әскери міндеттілерді тәжірибелік машықтарға дағдыландыру.

Тексеру жиындары

Тексеру жиындарында жұмылдыру жоспарына сәйкес әскери бөлімдерге тіркелген әскери міндеттілермен келесілер жүргізіледі:

  1. әскери дярлықтың талап етілетін деңгейін және тәжірибелік дағдыларды қолдау бойынша сабақтар;
  2. жауынгерлік қолдану, жүргізу және қызмет көрсету бойынша қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерімен өздерінің міндеттерін орындауы барысында әскери міндеттілердің жаттығулары.