Әскери қызметшілердің баспана алуы

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 15: 25»

Әскери қызметші мамандығы мемлекеттік қызметтің ішіндегі ерекше санатқа жатады және психикалық сезімі мен дене жүктемесі жоғары болғандықтан ерекшеленеді.

Осыған байланысты, әскери қызметшілерге мемлекеттік әлеуметтік көмекке, соның ішінде баспаналы болуға құқық беріледі.


Әскери қызметшілерге баспана беру шарты

Қазақстанда әскери қызметшілерге беспана беру оның әскери қызмет өтіліне қарай жекешелендіру құқығы немесе жалға алу жүргізіледі:

  1. егер сіздің әскери қызметіңіздің өтілі 2013 жылғы 1 қаңтарда 15 жыл және күнтізбелік санау бойынша одан көп болса, сіз қызметтік баспананы 20 жылдық әскери қызметтен кейін қайтарымсыз жекешелендіру құқығына иесіз;
  2. егер сіздің әскери қызметіңіздің өтілі 2013 жылғы 1 қаңтарда – 10 жылдан 15 жылға дейін болса, сізге қызметтік баспана қалдық құнын төлеу арқылы жекешелендіру құқығы беріледі;
  3. егер келісімшарт бойынша әскери қызметіңіздің өтілі 2013 жылғы 1 қаңтарда 10 жылдан аз болса, сіз әскери қызмет атқару кезінде ғана баспанамен қамтамасыз етіле аласыз. Қызметтік баспана алғанға дейін, сізге баспана жалдау үшін өтемақы төленеді.

Қызметтік баспана алу үшін не істеу қажет?

Қызметтік баспана қажет етуші ретінде есепке тұру үшін Алматы аудандық қамтамасыз ету бөліміне («Жұлдыз 1», 4А ықшамауданы) баянат ұсыну керек.

Баянатқа төмендегідей құжаттар қоса тіркеледі:

  1. жанұя құрамы туралы анықтама;
  2. қызмет орнынан анықтама;
  3. әскери қызметші мен оның жанұя мүшелерінің аталған елді мекенде олардың атына тіркелген жекеменшік тұрғын үйі жоқ екені туралы анықтама баянат берілгенге дейін 10 күнтізбелік уақыттың ішінде алыну керек (анықтама жыл сайын тапсырылады). Баспананың жоқтығы (бар екені) туралы анықтаманы мына жерден білуге болады (ЖС жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама);
  4. қызмет өткеру тізім;
  5. осыған дейінгі қызмет орнындағы қызметтік пәтерді тапсырғандығы туралы анықтама;
  6. нотариалды расталған құжаттардың көшірмесі, әскери қызметші мен оның жанұя мүшелерінің жеке куәліктері, балаларының туу туралы, неке қию (ажырасу) куәліктері (баянат берілгенге дейінгі 10 күнтізбелік уақыт мөлшерінде);
  7. жанұя мүшелерінің бірі созылмалы аурумен ауыратындығы туралы оның медицина мекемесінің тізімінде тұратындығы туралы  анықтамасы. Ауру түрлерінің тізімімен мына жерде танысуға болады;
  8. жанұя мүшелерінің жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу бөлімінде оқитыны туралы білім мекемелерінен анықтама (болған жағдайда);
  9. жанұяда 18 жасқа дейінгі мүгедектік топқа жататын мүгедек бала болса, оның мүгедектігі туралы анықтама. Мүгедектік туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы мына жерден білесіз (ЖС мүгедектік туралы анықтама);
  10. кәмелеттік жасқа толмаған бала (балалар) сізге қамқорлыққа берілген болса, қамқорлығыңызба бала бар екені туралы анықтама ұсынасыз. Қамқорлыққа алынғаны туралы анықтаманы қалай алуға болатынын мына жерден білесіз (ЖС қамқорлыққа алу немесе қамқоршы болу туралы анықтама).

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қызметтік пәтерді қажет етушілердің тізіміне қойылғаны туралы шешім мен күні, кезектік нөмірі туралы анықтама.

Қызметтік пәтермен қамтамасыз ету - тұрғын үй комиссиясының шешімімен реттік кезекті сақтай отырып, іске асырылады. Әскери қызметшіге қызметтік баспана ретінде пәтер немесе жатақхана беріледі. Ғимарат мөлшері адам басына 18 шаршы метрден кем болмауы тиіс.

Сіз міндетті түрде білуге тиіссіз!

  1. Асыраушысынан айырылған әскери қызметшінің жанұя мүшелері үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйді қажет ететіндердің есебінде тұра береді.
  2. Шетелге әскери қызметін жалғастыру үшін жіберілген әскери қызметшінің қызмет пәтері ол шетелден оралғанға дейін сақталады.
  3. Әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілер тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы барларды санамағанда, әскери бөлімнің тізімінен шығарылғанға дейінгі бір айдың ішінде қызметтік пәтерді өткізулері керек.

Уақытша пәтер жалдаған жағдайда қаржылай өтемақы алу

Сіздің қызмет өтіліңіз 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 10 жыл болған жағдайда уақытша баспананы жалға алу үшін сіз 50 пайызға дейін мөлшердегі мемлекеттік ақшалай өтемақыны ала аласыз. Аталған өтемақы қызметтік тұрғын үйді пайдалануға бергенге дейін беріледі. Сонымен қатар сіздің қызметтік пәтер алу кезегіңіз сақталады.

Өтемақы алу үшін сіз:

  1. қызмет өткеру орныңыздағы әскери бөлім командирінің немесе мемлекеттік мекеме басшысының атына баянат жазу;
  2. баянатқа төмендегі құжаттарды қосу керек:
  • қызмет  атқаратын орныңыздан өзіңізге қызметтік пәтер берлмегені туралы анықтама;
  • жанұя құрамы туралы анықтама;
  • тұрғын үйді жалға алу туралы келісімшарт.

Қызмет көрсету уақыты: 10 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: өтемақы төлеу туралы бұйрық.

Өтемақы төлеу туралы бұйрық баянат тіркелгеннен кейін 10 күннің ішінде шығарылады.  

Сіз міндетті түрде білуге тиіссіз!

Жүктілік бойынша және босану бойынша, бала күтімі бойынша қосымша демалыста жүрген, іссапарда, оқуда, емделіп жүрген әскери қызметшілерге өтемақы төлеу жалпы негізде іске асырылады.