Мен ардагермін

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 15: 00»

Ардагер ретінде сіздің ерлігіңіз бен батырлығыңыз үшін сізге шынайы алғыс білдіруге рұқсат етіңіз!


Әлеуметтік кепілдіктер

Егер сіз ҰОС Ардагері немесе соған теңестірілген тұлға, соның ішінде ауған жауынгері болсаңыз, сізге келесі әлеуметтік кепілдіктер тиесілі:

  1. соттарда мемлекеттік баж төлеуден, нотариалдық әрекеттер жасау, төлқұжат мәліметтеріне өзгертулер енгізу, жеке басын куәландыратын құжаттарды алу кезінде төлемдерден босату;
  2. жеке тұлғалардың жер салығын, көлік салығын және мүлік салығын төлеуден босату;
  3. амбулаториялық-клиникалық мекемелерде артықшылықты қаралу, кезектен тыс ауруханаға жатқызу;
  4. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне тіркелу жері бойынша Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгінгеннен кейін жол жүру билеттері бойынша қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру жеңілдігі беріледі;
  5. ҰОС ардагерлері тұрып жатқан аумақтың тұрғын үй қорынан бірінші кезекте үй алуға үміткерлер болып табылады. Тұрғын үй қорынан аудан бөлуді тіркелу жері бойынша Алматы қ. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жүзеге асырады;
  6. ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар тұрғын үй-құрылыс және басқа да кооперативтерге (серіктестіктерге) бірінші кезекте кіруге құқылы;
  7. ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар жеке тұрғын үй салу үшiн бiрiншi кезекте жер учаскелерiн және төлем қабiлетiн ескере отырып, жинақ несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алуғы құқылы;
  8. ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне үй салу үшiн төлем қабiлетiн ескере отырып несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алуғы құқылы;
  9. ҰОС ардагерлері мен егде жаста болуына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар (еңбек етуге қабілетсіз көмекке мұқтаж ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ) үй және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алуға құқылы.