Ардагер әскери қызметке қатысы туралы куәлік/анықтаманы қалай ала алады?
Егер сіз Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе Чернобль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатыссаңыз, сонымен қатар, егер сіз интернациолист жауынгер болсаңыз, онда сізге жеңілдітерді алу үшін анықтаматиісті куәлікті рәсімдеп, өзіңіздің жағдайыңызды дәлелдейтін анықтаманы алу қажет.
Куәлікті алу
«Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) және жергілікті әскери басқару органдары арқылы өтініштің қабылдануы және куәліктің берілуі өткізіледі.
Құжаттар тізімі:
- Ұлы Отан соғысының қатысушысы (интернациолист жауынгер, Чернобль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюдың қатысушысы) куәлігінің берілуіне өтініш;
- жеке куәлік (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- әскери билет немесе мұрағаттық;
- 3х4 фотосурет – 2 дана.
Құжаттардың қабылдануы кезінде қызмет алушығы тиісті құжаттардың қабылдануы жайында қолхат беріледі.
Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Егер мұрағаттардан қосымша мәліметті сұрастыру қажет болған жағдайда, қызмет көрсетілу мерзімі 90 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Анықтаманы алу
«Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) және жергілікті әскери басқару органдары арқылы өтініштің қабылдануы және куәліктің берілуі өткізіледі
Құжаттар тізімі:
- Ұлы Отан соғысының қатысушысы (интернациолист жауынгер, Чернобль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюдың қатысушысы) екендігін дәлелдейтін анықтаманың берілуіне өтініш;
- жеке куәлік (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Құжаттардың қабылдануы кезінде қызмет алушығы тиісті құжаттардың қабылдануы жайында қолхат беріледі.
Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Егер мұрағаттардан қосымша мәліметті сұрастыру қажет болған жағдайда, қызмет көрсетілу мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.