Жұмыс беруші Еңбек Кодексін/келісімін бұзатын жағдайда не істеу керек?

Жарияланған күні мен уақыты: «01-04-2024 20: 50»

Қазақстан Республикасының Ата Заңымен сәйкес, Қазақстан Республикасында басты құндылықтар адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады, әр адамның қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек шарттарына, ешқандай кемсітушіліксіз төлемақы берілуіне құқығы бар. Алайда, қызметкерлер құқықтары бұзыла береді, жұмыс берушілердің әрқайсысы өз кәсіпорнында еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жоюға талпына бермейді, ал қызметкерлер, өз кезегінде, өз құқықтарын қорғауға асықпайды.

Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзуының негізгі себептері:

  1. орнатылған еңбек заңнамасына мән бермеуі;
  2. жұмыс берушілердің үлкен санының құқықтық сауатсыздығы (әсіресе жеке кәсңпкерлер мен кіші кәсіпорындар басқарушылары арасында);
  3. Еңбек заңнамасын орындауды қаламайтын жеке жұмыс берушілердің құқықтық нигилизмі;
  4. өз құқықтарын қорғай алмайтын қызметкерлердің құқықтық дайындығының төмен деңгейі;
  5. кәсіпорындардың табыссыздығы, олардың банкроттығы.

Бұзушылықтар түрлері
  1. Сізбен еңбек келісімі рәсімделмеген мен оның данасы берілмеген. Бұл жағдайда жұмыс берушімен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 33 бабындағы нормасы бұзылады.
  2. Еңбек келісімі жазбаша нысанда екіден кем емес данада рәсімделеді және оған жақтардың қолы қойылады. Жұмыс берушіде және қызметкерде еңбек келісімінен бір данасынан сақталады. Жұмыс берушінің кесірінен еңбек келісімінің жоқ болған және (немесе) тиісті түрде рәсімделмеген жағдайында, ол Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 87 бабымен орнатылған тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы жағдайда еңбек қатынастары қызметкердің жұмысқа кірісу күнінен басталған деп саналады.
  3. Сізбен еңбек келісіміңізде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 28 бабымен сәйкес, міндетті түрде жазылуға тиісті маңызды шарттар жоқ. Әдетте құжатта жұмыс уақытының режимі, еңбек төлемі шарттары, кепілдер мен өтемақылар, демалыс ережелері жазылмайды.
  4. Жұмысқа қабылдау кезде жұмыс беруші сізді және сіздің жұмыстық еңбек тәртібіңізбен және еңбек қызметіңізге байланысты басқа акттармен таныстырған жоқ. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23 б. 2 т. 6 тармақшасымен сәйкес, жұмыс беруші қызметкерді еңбек тәртібі ережелерімен, қызметкердің жұмысына (еңбек қызметіне) байланысты басқа жұмыс беруші акттарымен және ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті.
  5. Сіздің еңбегіңіздің төлемақысы саласындағы бұзушылықтар. Осылайша, еңбекақы сізге айда бір реттен сирек емес кезеңде төленуі тиіс, ал еңбек келісімінің аяқталуы кезінде, жұмыс берушімен қызметкерге тиісті сомалардың төлемі оның аяқталу кезінен үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде жасалады (ҚР ЕК 113 бап).

Еңбек заңнамасыны бұзылуы жағдайында қай жерге жүгіну қажет?

Еңбек заңнамасының бұзылуы жағдайында сізге тұратын жеріңіз бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына немесе жұмыс берушінің орналасқан орнына еңбек заңнамасының бұзылу фактілері шағымымен немесе сот органдарына жүгіну қажет. Еңбек келісімі шарттарының бұзылуы жағдайында жұмысшы еңбек заңдамасының бұзылуына байланысты инспекция органдарына шағым айта алады. Шағым Т.А.Ә., лауазымның, жұмыс берушінің толық атауының, оның орналасқан жерінің және жұмысшы құқықтарының бұзылу фактілеренің көрсетілуімен жазбаша түрде беріледі. Егер жұмысшы құқықтарының бұзылу фактілері анықталса, мемлекеттік еңбек инспекторымен жұмыс берушіге жіберілген бұзушылықтарды жою талабымен ұйғарым беріледі. Ұмытпаңыз, еңбек заңнамасының бұзылуы жағдайында әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Жұмыс берушінің бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері

Қылмыстық жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 152 бабына сәйкес, еңбек қарым-қатынастары аясындағы жауапкершілік қылмыстық іс үшін қарастырылады, яғни,заңнамамен бекітілген, қылмыс белгілерін айқындыйтын барлық әрекеттер болуы шарт. Қарастырылған жауапкершілік түрі жұмысшы заңсыз түрде жұмысын тоқтатқанда, жұмысқа қайта тұруына байлынысты сот өкімінің орындалмауы жағдайында, азаматтардың құқықтық мүдделеріне, құқықтарына айтарлықтай нұқсан келтірілуіне әкелінген жағдайларда: әйел адамның жүктілігіне байланысты , үш жастан аспаған балалары бар әйелмен осы себептер үшін еңбек келісімін жасамау немесе одан орынсыз бас тартуына байланысты, мүгедектің оның мүгедектілілігіне байланысты, кәмелеттік жасқа толмаған азаматпен оның жасына байланысты еңбек келісімімен орынсыз келісумен немесе одан бас тартуына байланысты күшіне енеді.

Әкімшілік жауапкершілік

Қылмыстық жауапкершілікпен салыстырғанда жұмыс берушіге арналған әкімшілік жаза жұмысшы құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтірілуінен тәуелсіз, жұмыс берушімен еңбек заңнамасы бұзылған жағдайында салынады. Қазақстан Республикасының әкімшілк құқық бұзушылықтар кодексінің 86 бабына сәйкес, еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда жұмыс берушілерге үлкен айыппұлдар салынады.